Жамбыл Жабаевтың “Өтеген Батыр” поэмасындағы хронотоп категориясы

Авторлар

  • Алуа Темирболат КазНУ имени Аль-Фараби

Түйінді сөздер:

шығарма, поэма, тақырып, уақыт, кеңістік, идея, хронотоп, ақын, категория

Аннотация

Мақала қазақ әдебиетінің классигі Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын зерттеуге арналған. Оның ақындық мұрасының маңыздылығы мен өзектілігі сипатталады.Ж. Жабаевтың дүниетанымы мен әлемді қабылдау ерекшеліктері, болмыс және тұлға туралы авторлық концепиясының өзгешілігі ашылады. Мақалада оның әр туындысы азаматтық және патриоттық сарындармен қамтылғандығы көрсетіледі. Ақынның шығармашылығы қазіргі әдебиеттануда өзекті мәселелердің бірі болып табылатын хронотоп мәселесінің тұрғысынан қаралады. Зерттеу нысаны Ж. Жабаевтың «Өтеген батыр» поэмасы болды. Бұл шығарманың талдауы негізінде уақыт пен кеңістік категорияларының рөлі мен мәні, олардың әдеби шығармадағы қызметі ашылады. Талдау барысында әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады, яғни тарихи-функционалдық, психологиялық әдістер, кешенді тәсіл. Бұл тәсілдердің қолдануы «Өтеген батыр» поэмасының идеялық-тақырыптық мазмұны мен құрылымдық ерекшеліктерін терең түсінуге ықпал етті. Ақынның көркемдік әлемін, оның эстетикалық және философиялық көзқарастар жүйесін құруға хронотоптың негізі болатындығы көрсетіледі. Бұл категорияны талдау негізінде автор мен кейіпкердің шығармада суреттелген тарихи оқиғалар мен шындық құбылыстарына қатынасы анықталады. Талдау барысында Ж. Жабаев поэмасының кеңістіктік-уақыттық континуумы көп өлшемділікпен сипатталатыны атап өтіледі. Шығармада бейнеленген оқиғалар бірнеше бағытта өрбиді – тарихи, ертегі-мифологиялық, онейрикалық, шындық. Поэма елдің ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы дамуы туралы баяндайды. Ж.Жабаев Өтеген батырға жүгініп отырып, Қазақстанда болып жатқан өзгерістер туралы айтады. Осылайша, ол шығарманың басты кейіпкері мен ақынның өзі өмір сүрген тарихи дәуірлердің келбетін жаңғыртады. Поэмада хронотоптардың түрлері көрсетіледі – әлеуметтік, мәдени-тарихи, психологиялық, биологиялық. Олар бейнеленген шындық және бас кейіпкер образы туралы тұтас және терең түсінік алуға ықпал етеді. Автор мен кейіпкердің жеке хронотоптарын талдауға назар аударылады. Зерттеу барысында Өтеген батырдың ішкі әлемі суреттеледі. Оның дүниеге көзқарасының ерекшеліктері, оның шындыққа қатынасы, жан мен сана кеңістігі түсініледі. Мақалада кеңістіктік және уақыттық мағыналары бар бейнелер қарастырылады. Автордың уақыт пен кеңістік туралы концепциясы ашылады. Зерттеу барысында Ж. Жабаевтың «Өтеген батыр» поэмасына полифония тән екендігі көрсетіледі. Ол уақыт пен кеңістік пен полифония категориялары деңгейінде көрінеді.

Загрузки

Жарияланған

2022-01-04

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар