Талаптар

АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

«Керуен» журналында материалдарды жариялау Open Journal System, онлайн жіберу және рецензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жүйеге тіркелу және кіру «Материалдарды жіберу» бөлімінде қол жетімді.

Корреспонденция авторы жұлдызшамен ерекшеленуі тиіс*

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

Мақалалар қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде https://keruenjournal.kz/.

сайты арқылы қабылданады.

Бір автор бір нөмірге бір ғана мақала бере алады!

Авторлар саны 5-тен аспауы тиіс.

Авторлардың өз еңбегіне жасаған сілтемесі пайдаланылған әдебиеттердің 20%-нан аспауы қажет.

Редакция журналдың ғылыми бағыттары бойынша бұрын жарияланбаған мақалаларды қабылдайды. Қаріптің өлшемі – 12, әдебиеттер – 9, кестелер мәтіні – 9, қаріп – Times New Roman, туралау – мәтіннің ені бойынша, интервал – бір, абзац шегінісі  – 1 см, шеттері: жоғары және төменгі – 2 см, солға және оңға – 2 см. Суреттер, кестелер, графиктер, сызбалар және т.с.с. тікелей нөмірде және тақырыпты көрсете отырып келтірілген (Мысалы, 1-сурет - Сурет тақырыбы). Суреттер, кестелер, графиктер мен сызбалардың саны мақаланың барлық көлемінің 20% -нан аспауы керек (кейбір жағдайларда 30% дейін). 

Мақала құрылымы:

Бірінші бет:

Бірінші жол – ORCID ID https://orcid.org/, ӘОЖ, ҒТАМР (МРНТИ) индексі көрсетіледі.

Мақала атауы (Тақырып) мақаланың мәні мен мазмұнын көрсетіп, оқырман назарын аударуы тиіс. Тақырып қысқа, мазмұнды болуы керек және жаргон мен қысқартулар болмауы керек. Тақырып атауын 5-7 сөзден асырмаған жөн. Тақырып жартылай қалың қаріппен кіші әріптермен беріледі, жолдың ортасына тураланады


Мақаланың авторы (авторлары) – аты-жөні, тегі, жұмыс орны (ұйымы), қаласы, елі, телефон нөмірі, электрондық поштасы – орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде беріледі. Авторлар туралы ақпарат жай қаріппен кіші әріптермен жазылып, жолдың ортасына тураланады.

Аннотация 300 сөзден кем емес.

Түйін сөздер (5-10 сөз)

Кіріспе

Материалдар мен әдістер

Зерттеу нәтижесі

Талқылануы

Қорытынды

Зерттеудің құндылығы (осы жұмыстың білімнің тиісті саласына қосқан үлесі).

Негізгі мәтін – 4-6 бет көлемінде (2000-3500 сөз) болуы тиіс. Мақала қазақ тілінде болса, аннотация ағылшын және орыс тілдерінде беріледі (1 бет, екі тілді қоса алғанда); мақала ағылшын тілінде берілген жағдайда, аннотация  қазақ және орыс тілдерінде беріледі (1 бет, екі тілді қоса алғанда); мақала орыс тілінде берілген жағдайда, аннотация қазақ және ағылшын тілдерінде беріледі (1 бет, екі тілді қоса алғанда). Соңғы бетінде  әдебиеттер тізімі 1 беттен аспайтын (9-шы кегльмен терілген) ағылшын тілінде (REFERENCES) тік жақшада берілуі керек. Және әдебиеттер тізімінің транслитерациясы болуы тиіс (транслитерация - http://www.translit.ru).

Егер мақала қазақ және орыс тілдерінде болса, онда әдебиеттерді ағылшын тілінде қосымша көрсету қажет. 

Мақала соңына барлық авторлардың қолы қойылған бет тіркелуі тиіс.

Мақаланың барлық беттері, сонымен қатар кестелер, әдебиеттер тізімі, суреттер мен суреттердің астындағы жазбалар нөмірленуі тиіс.

МАҚАЛАНЫ ҚАБЫЛДАУ АЛГОРИТМІ:

  1. Веб-сайтқа қабылданған мақала StrikePlagiarism.com. арқылы плагиатқа тексеруден өтеді. Плагиат көрсеткіші 20 % асқан жағдайда авторлар “Керуен” журналында жариялау құқығынан айырылады;
  2. Антиплагиаттан өткен мақала құпия рецензенттерге жіберіледі (2 аптадан 1 айға дейін);
  3. Сараптамалық қорытындылар нәтижесінде редакция алқасы мақаланы жариялауға беру, оны түзету қажеттігі немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қажет болған жағдайда мақала рецензенттер мен редакторлардың ескертулері бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізу үшін авторларға жіберіледі;
  4. Авторлар мақаланы қайта өңдеп, бір ай ішінде редакцияға қайтаруы тиіс.

Ғылыми деректердің дұрыстығы мен маңыздылығына, сонымен қатар жұмыстардың ғылыми мазмұнына авторлар жауапты.

 Мақаланың редакцияға жіберілуі авторлардың дәл осындай материалдарды (түпнұсқада, басқа тілге аударып немесе басқа тілден аударылғанын) басқа журналдарға бермегенін, басқа баспада немесе басқа журналдарда басыа шығаруға бермегенін білдіреді. Егер мақаламен жұмыс барысында ұқсас материал (мүмкін, басқа атаумен немесе авторлардың басқа ретімен) басқа журналға берілгені анықталған жағдайда мақала дереу қайтарылады. Сондай-ақ, авторлар “Керуен” журналында мақала жариялау құқығынан айырылады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІН РЕСІМДЕУ

Кітаптарға сілтемелерде ISBN (10 немесе 13 белгіден тұратын) көрсетіледі.

Тек қана көрсетілген журналдардың атаулары қысқартылады:

http://images.webofknowledge.com/WOK46/help/WOS/0-9_abrvjt.html

Халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланған мақалаларға сілтемелерде DOI (Digital Object Identifier) көрсетілуі тиіс. DOI мақаланың PDF нұсқасында және/немесе мақаланың негізгі ғаламтор парақшасында көрсетіледі, сонымен қатар  CrossRef:  http://www.crossref.org/guestquery/ іздеу жүйесін пайдалануға болады. Төменде сілтемелерді ресімдеу мысалдары келтірілген:

Халықаралық журналдағы мақала

1 Campry TS, Anders T. (1987) SNAP receptors implicated in vesicle targeting and fusion, Environ Pollut, 43:195-207. DOI: 10.1016/0269-7491(87)90156-4 (in Eng.).

Ағылшын тіліндегі нұсқасы жоқ орыстілді журналдағы мақала

2 Ivanova TV, Samoilova NF (2009) Electrochemical Energetics [Elektrohimicheskaya energetika] 9:188-189 (in Russ.).

Кітаптар:

Timrat TA (2008) Soil pollution: origins, monitoring and remediation, second edition.

Springer, Germany. ISBN: 978-3-540-70777-6.

Конференция материалдары:

Monin S.A. (2012) Treatment techniques of oil-contaminated soil and water aquifers. Proceedings of International Conference on Water Resources and Arid Environment, Riyadh, Saudi Arabia. P.123.

Патенттер:

Barin AB, Mukamedzhan NT (2000) A method for determination of 1,1-dimethylhydrazine and nitrosodimethylamine [Metodopredeleniya 1,1-dimetilgidrazina initrosodimetilamina]. Preliminary Patent of the Republic of Kazakhstan [Predvaritelnyi patent Respubliki Kazakhstan]. (In Russian).

Стандарттар, МемСТтар:

МемСТ 7.1-2003 сәйкес орыс және қазақ тілдеріндегі библиография стилі «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері »(KKSON тізіміне енген басылымдарға қойылатын талап).

RMG 61-2003. Indexes of accuracy, precision, validity of the methods of quantitative chemical analysis, methods of evaluation [GSI.Pokazatelitochnosti, pravilnosti, retsizionnosti metodik kolichestvennogo himicheskogo analiza. Metodyiotsenki]. Moscow, Russia, 2003. (In Russian).