Mақалаларды тапсыру мерзімі

"Керуен" ғылыми журналы жылына 4 рет, яғни 1 тоқсанда 1 рет жарық көреді.

Журналдың кезекті саны әр тоқсанның соңғы айының 15-жұлдызында (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан айларында) «Керуен» журналының ресми сайтында жарияланады. Содан соң, 1 айдың ішінде тапсырысқа сәйкес журналдың баспа форматы жарық көреді.

Журналдың кезекті нөміріне мақала беру мерзімінің шегі – сайтқа кезекті сан шыққанға дейін 1 ай бұрын (1 сан бойынша - 15 ақпанда, 2 сан бойынша - 15 мамырда, 3 сан бойынша - 15 тамызда, 4 сан бойынша - 15 қарашада) аяқталады.

Редакцияға келіп түскен мақаланың қаралуының ең ұзақ мерзімі – 6 ай.