Журналдың редакциялық саясаты

М.О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ «КЕРУЕН» ЖУРНАЛЫНЫҢ РЕДАКЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

«Керуен» ғылыми журналының негізгі мақсаты: басым сипаты бар ірі ғылыми зерттеулер туралы хабарламаларды жариялау. Журналда әдебиеттану мен өнертану саласындағы бірегей және еш жерде жарияланбаған зерттеулер туралы хабарламалар басылады. Сонымен қатар, журнал жұмысына еліміздің оқу институттарының, университеттерінің және ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері қатысады.

Журналдың бағыты: «Керуен» ғылыми журналында іргелі ғылымдар саласындағы жаңа жетістіктердің нәтижелері жарияланады.

Редакциялық алқа келесі ғылым салалары бойынша мақалалар қабылдайды:

  1. Әдебиеттану;
  2. Өнертану;

Мерзімділігі: бір жылда 4 нөмірі шығады.

Мақаланы жариялау шарттары: ғылыми зерттеулердің тұтастығын қамтамасыз ету үшін авторлар ғылыми жарияланымдардың халықаралық стандарттарын ұстануы қажет.

* мақала берген кезде автор мақаланың түпнұсқа екендігіне, яғни ол бұрын басқа дереккөзде ағымдағы немесе осыған ұқсас түрде жарияланбағанына; мақала басқа баспаларға берілмегеніне; авторлық құқықпен және мақаланы жариялаумен байланысты мүдделердің реттелгеніне кепілдік беруі тиіс. Атап айтқанда, жарияланған мақалалардың басқа тілдерге аудармалары қабылданбайды.

* Авторлардың М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты редакциясы мен журналға, ғылыми авторлық кәсібилікке, сайып келгенде, бүкіл ғылыми қоғамдастыққа нұқсан келтіруі мүмкін зерттеулер нәтижелерін бұрмалаудан аулақ болғаны жөн.

* Зерттеу нәтижелері анық, деректер бұрмаланбаған, материалдарды жинау, іріктеу және өңдеудің тәртіптік ережелері сақталуы қажет.

* Авторлардың орналасу тәртібі дұрыс көрсетілгеніне баса мән берілуі қажет. Өңдеу кезеңдерінде авторларды қосу немесе жою әдетте рұқсат етілмейді. Бірақ кейбір жағдайларда авторлардың келісімімен авторлық топқа ішінара өзгеріс енгізілуі мүмкін. Авторлардың өзгертілуі нақты түсіндірілуі керек. Мақаланы қабылдағаннан кейін авторларды өзгертуге рұқсат етілмейді.

* Мақаланың барлық авторлары зерттеуге айтарлықтай үлес қосуы керек.

Рецензиялау типі:

Журнал редакциясына келіп түскен барлық ғылыми мақалалар рецензенттердің тексеруі жасырын түрде жүргізіледі.

  1. Мақалаларды рецензиялауды редакциялық кеңес пен редакциялық алқа мүшелері жүзеге асырады, сондай-ақ әртүрлі мекемелерден тартылған озық мамандар білім саласының өкілдері ретінде де аталмыш үдеріске қатыса алады. Мақалаға рецензенттерді редакциялық алқа тағайындайды. Қарау мерзімі - 2-4 апта, бірақ шолушы өтініші бойынша ол уақыт ұзартылуы мүмкін.
  2. Әрбір рецензент мақаланы қабылдау мен түсіндіруге әсер ететін нақты мүдделер қақтығысы болған жағдайда, мақаланы ары қарай қарастырудан бас тарта алады. Қарау нәтижелері бойынша рецензент мақаланың болашағына қатысты ұсыныстар береді. Рецензенттің әрбір шешімі мынаған негіздеме жасайды:
  • Мақала жариялауға ұсынылады;
  • Мақала рецензент көрсеткен кемшіліктерді түзеткеннен кейін жариялауға ұсынылады;
  • Мақалаға басқа маманның қосымша рецензиясы қажет;
  • Мақаланы журналда жариялау мүмкін емес.
  1. Егер рецензияда мақаланы түзету және толықтыру ұсыныстар берсе, журнал редакциясы авторға мақаланың жаңа формасын дайындауда ескеру үшін немесе рецензенттің пікірін жоққа шығаратын дәлелдер келтіру үшін рецензия мәтінін жібереді. Мақалаға өзгерістер енгізу мерзімі авторларға электронды хат жіберген сәттен бастап 1 айдан аспауы керек. Автордың талдаған мақаласы қайта қарауға жіберіледі.
  2. Мақаланы толықтырудан автор бас тартқан жағдайда, жазбаша немесе ауызша формада мақаланы жариялаудан бас тартатындығы жөнінде редакторға хабарлауы тиіс. Авторлар қараған күннен бастап 1 айдың ішінде өзгертілген нұсқасын қайта жібермесе, мақаланың толықтырылуы жайында мәліметтің жоқтығына қарамастан редакция оны тізімнен алып тастайды. Мұндай жағдайларда авторларға қолжазбаны қайта қарауға бөлінген уақыттың аяқталуына байланысты тіркеуден алып тастау туралы хабарланады.
  3. Егер автор мен рецензенттің қолжазбаға қатысты шешілмеген қайшылықтары болса, редакция қолжазбаны қосымша қарау үшін жібере алады. Екі жақты пікір қайшылығы туындаған жағдайында редакторлық кеңестің бас редакторы шешім қабылдайды.
  4. Қолжазбаны жариялаудан бас тарту туралы шешім редакциялық кеңестің ұсыныстарына сәйкес қабылданады. Мақаланы жариялаудан бас тарту туралы хабарлама авторға электронды пошта арқылы жіберіледі.
  5. Редакциялық кеңес мақаланы жариялауға рұқсат беру туралы шешім қабылдағаннан кейін, редакция бұл туралы авторға хабарлайды және жариялау мерзімін анықтайды.
  6. Рецензенттің позитивті пікірі мақаланы жариялау үшін жеткілікті негіз болып табылмайды. Жариялау туралы соңғы шешімді редакциялық алқа қабылдайды. Даулы жағдайда шешімді бас редактор қабылдайды.
  7. Рецензияның түпнұсқасы журналдың редакциясында 3 жылға дейін сақталады.

Мұрағаттау және ашық қолжетімділік саясаты.

«Керуен» журналына қолжетімділік ашық (Open Access). Журналды барлық пайдаланушылар еркін және ақысыз оқи алады, жүктей алады, көшіре алады, жібере алады және жарияланған материалдарға сілтеме жасай алады.

Журнал мұрағатына ашық қолжетімділік журналдың https://keruenjournal.kz сайтында қамтамасыз етіледі.

Журнал редакциясы өз қызметінде Committee on Publication Ethics – COPE жариялау этикасы жөніндегі халықаралық Комитетімен әзірленген қағидаттарды басшылыққа алады.