Әдеби санадағы трансформациялық үдерістер: когнитивтік талдау

Авторлар

  • Альмира Калиева Институт литературы и искусства имени М.О.Ауэзова

Түйінді сөздер:

әдебиет, сана, шығармашылық, әдеби ойлау, трансформация, дискурс, когнитивтік әдебиеттану

Аннотация

Мақала шығармашылықтағы әдеби сана трансформациялары зерттеуге арналған. Қазіргі қазақ әдебиеті шығармаларының мысалында сана әлеміндегі жаңа ойлау формаларының көркем дискурсқа кірігу жағдайы қарастырылды. Шығармашылық үдеріс барысында іске асырылатын ой операциялары когнитивтік талдау аясында зеделенді.

Философия ғылымында адам болмысының мәнін жете түсінуге деген пәлсапалық зерттеулердің маңызды бір арнасын сана теориясына қатысты ізденістер құрайды. ХХІ ғасырдағы адамзат сана-сезімі түрлі қоғамдық, мәдени, тарихи факторлардың әсерінен жаңа дәуірге бейімделу үдерісін бастан кешіруде. Әсіресе ақпараттық, технологиялардың адам болмысына, дүниетанымына, әлемсезіну қасиеттеріне ықпалы ерекше. Жылдам дамитын технологиялардың адам өміріне етене енуі оның рухани әлеміне де айтарлықтай өзгерістер алып келді. Мінез-құлық, ойлау, сөйлеу, іс-қимыл жасау сынды адами әрекеттердің сандық технологиямен астасып кетуі адамзаттың жаңа формация қалыбына түсе бастағандығын айғақтайды. Ал осындай рухани құбылыстардың әдеби шығармашылық әлемінен бедер таппауы мүмкін емес. Осыған орай мақалада когнитивтік ғылымдар саласындағы сана теориясы мәселесінің әдебиеттану үшін де өзектілік деңгейін негіздеуге талпыныс жасалды. Бүгінгі көркем ой мен баяндау жүйелерінің өзіндік табиғаты қаламгерлік зерденің техногенді сипат алуымен ерекшеленеді. Мақала AP09259694 «Қазіргі әдебиеттану джәне когнитивтік парадигма» жобасы аясында дайындалды. 

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар