«Қыз Жібек» пьесасының қазақ сахнасындағы жаңа интерпретациясы

Авторлар

  • Айжан Ахмет Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы

Түйінді сөздер:

пьеса, театр, режиссер, қойылым, актер, заманау тенденция, интерпретация

Аннотация

Театр – бұл синтезді өнер. Бірнеше өнердің басын қоса отырып тылсымға толы спектакльді дүниеге алып келеді. Көрерменнің алдына актерлер ғана шыққанымен, оның аржағында жүздеген адамдардың еңбегі жататыны жасырын емес. Міне сондай спектакльдердің бірі қазақ халқының фольклоры негізінде жазылған Ғ. Мүсіреповтың «Қыз Жібек» либреттосының Қ. Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театррында С. Қамиев режуссурасымен сахналанған спектакльге талдау жасалады. Ұлттық классикамыздың жауһарына айналған шығарманың заманауи шешім тапқандығы мен актерлердің рольдері арқылы зертеу жасай отырып ерекшелігін анықтауға талпынады. Әр орындаушының роль сомдаудағы өзіндік ерекшелігін анықтай отырып, талдау жасаған. Бүгінгі күннің жастарының талғамын ескере отырып ойын көрсеткен актерлердің жасмаған бейнелері ұтымды екенін анықтауы мақаланың құндылығын арттырып отыр. Сонымен қатар, бүгінгі көрерменнің талғамамы мен сұранысын назарға ала отырып, классикалық шығармалардың заманауи интерпретациясындағы музыка мен пластикалық шешімдердің маңыздылығы авторлар назарынан тыс қалмаған. «Қыз Жібек» либреттосының алғашқы сахналық нұсқасына тоқтала кетіп режиссерлік шешімдері мен актерлік ойындарының ұтымды тұстарын мысалға ала отырып талдау жасалғаны мақаланың тарихи және ғылыми құндылығын арттырып отыр. Ән мен биге құрылған «Қыз Жібек» музыкалық спектаклінің театр репертуарындағы орны анықталып, елордамыздағы өнер қара шаңырағының даму тенденциясы саралана кеткен. Жас буын актерлер мен алдыңғы қатардағы актерлердің арасындағы сабақтастақ мәселесіде зерттеушілер назарынан тыс қалмаған. Қазақ актерлік өнерінің бүгінгі даму тенденциясын анықтай отырып саралауымен мақалада сараптамалық тәсіл орынды қолданыс тапқан. С. Қамиевтың музыкалық спектакль қоюдағы тәжірибесін ескере отырып қойылымға талдау жасаған. Шығарманың басқа сахналық нұсқаларын назарға ала отырып Қ. Қуанышбаев театрының қойылымының өзіндік ерекшелігін дөп басып отыр.

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар