«Бозжігіт» эпосының сюжеттік-типологиялық ерекшеліктері

Авторлар

  • Жұмашай Рақыш Институт литературы и искусства имени М.Ауэзова

Түйінді сөздер:

фольклор, ғашықтық эпос, дастан, мотив, сюжет, текстология, сәуегей түс, қолжазба

Аннотация

Мақалада «Бозжігіт» эпосының ұлттық версияларындағы сюжеттік ерекшеліктер қарастырылады. «Бозжігіт» эпосы түркітілдес халықтардың кең тараған фольклорлық шығармаларының бірі болып табылады. Ол қазақ, ноғай, башқұрт, қарақалпақ, құмық, балқар және татарлар арасында аса танымал. «Бозжігіт» эпосының қазақ, ноғай, башқұрт, қарақалпақ және татар версияларына текстологиялық талдау жасалды. Қолжазба қорында сақтаулы «Бозжігіт» эпосының жазып алынған, жарияланған және зерттелген қазақ нұсқаларын ғылыми талдау түркі халықтарының фольклорлық мұрасының ұқсастығын көрсетеді, олардың түбі бір туыстығын танытады. Түркі тілдес халықтардың фольклорлық шығармаларын нұсқалары мен варианттарын салыстыра қарастыру арқылы сюжеттердің ортақ бастауын, шығу тегін анықтауға болады. Эпостың кейбір ұлттық нұсқаларының сюжеттік және мотивтік ұқсастықтары тарихи-генетикалық және тарихи-мәдени қарым-қатынастарға, сондай-ақ этникалық шығу тегіне байланысты. Эпостың ұлттық версияларында Бозжігіт бейнесінің жалпы белгілері және олардың өзгешелігі текстологиялық тұрғыда салыстырылды. «Бозжігіт» дастанының ұлттық нұсқаларын мәтіндік тұрғыда салғастыра зерттеу, ондағы ортақ сюжеттер мен мотивтер ақындық дәстүрдің жақындығын дәлелдей түседі. «Бозжігіт» эпосының ұлттық версияларын текстологиялық салыстыра зерттеу, ондағы ортақ сюжеттер мен мотивтер ақындық дәстүрдің ұқсастығын танытады. Бір сюжетке құрылған эпостың ұлттық нұсқалары таңғажайып оқиғалар, күрделенген сюжет желісі мен ерекше кейіпкерлер жүйесі, көркемдеуіш құралдары ерекше құрылымға ие болады.

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар