МУЗЫКА ӨНЕРІ – АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ

Авторлар

  • Асия Даркембаева Абай атындағы ҚазҰПУ

Түйінді сөздер:

музыка өнері; халық музыкасы; фольклорлық музыка; адамгершілік тәрбие; адамгершілік құндылық; адамгершілік қасиет

Аннотация

Бұл мақалада музыка өнері арқылы оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың маңыздылығы қарастырылады. Қазіргі уақытта тұлғаны рухани және адамгершілік тұрғысынан дамыту жолында өнер саласына баса назар аудару мәселесі көтеріліп келеді. Себебі, музыка, өнер қашанда тұлғаның рухани әлеуетін дамытудың бірден-бір көзі болған. Осыған орай музыка өнері арқылы адамгершілікке тәрбиелеу заманауи мектептерді ізгілендіру мәселесінде басты орын алады. Мақаланың мақсаты – оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып жүрген музыка өнерінің алуан түрлі үлгілеріндегі адамгершілік құндылықтардың көріністерін, оқушы бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың жолдарын, маңыздылығын анықтап, талдау. Мақаланың негізгі зерттеу әдістері – ғылыми-зерттеу және педагогикалық еңбектерге шолу жасау, халық музыкасы және ондағы адамгершілік қасиеттер мен құндылықтардың тәрбиелік маңызын анықтау, халық музыкасының үлгілерін саралап, іріктеу. Музыка өнерінің жанрлары фольклорлық музыка, халық музыкасы мен адамгершілік қасиет, адамгершілік құндылық туралы зерттеген педагог-ғалым, зерттеушілердің еңбектерінің негізінде адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, дамыту барысында қолданылатын музыка жанрларының үлгілерін іріктеп, олардың тәрбиелік мәнін анықтау бойынша ұсыныстар беріледі. Тәрбиелік тағылымы мол музыка өнерінің түрлерін анықтау мақсатында мысалдар келтіріліп, талдау жасалынған. Талдау нәтижесінде болашақ ұрпақ тәрбиесінде музыканы, халық музыкасын қолданудың маңыздылығы анықталып, олардың адамгершілік тәрбие беруде таптырмас құралы екендігін байқадық.  

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар