Рәсімдік ойындардың тарихи даму сипаты

Авторлар

  • duisengul zhaxan m.auezov instituty

Түйінді сөздер:

Кілт сөздер: бақсы ойыны, жын шақыру, ғұрып, реконструкция, салт, рәсімдік күлкі, маусымдық салт, алтыбақан.

Аннотация

Мақалада ойын фольклорындағы рәсімдік ойындар алғаш рет арнайы қарастырылып, оның  өзге ойын түрлерінен ерекшелігі талданды. Ойындық фольклорға қатысты айтылған  Отандық және шетелдік ғалымдардың ой-пікірлерін  негіз ете отырып, рәсімдік ойындар жөнінде тың тұжырымдар түйінделді.  Бүгінгі түсініктегі «Ойын» ұғымы өзінің даму жолында көне ритуалдар мен діни рәсімдермен сабақтастықта дами келе  түрлі өзгерістерге ұшырады,  әрі салаланып жеке бір арна болып қалыптасты.

Рәсім  (ритуал) – ұғымының ғылыми термин ретіндегі мәні тұтастай алғандағы  адамзат таным- түсінігінің  тарихы мен өзгеріс жолын қамтитын күрделі құрылым. Ойын фольклорында, атап айтқанда рәсімдік ойындарда  халықтың сан ғасыр бойғы өмір тәжірибесі мен тәрбиесі  шоғырланған. Сондықтан да рәсімдік ойындардағы көне салттық заңдылықтардың көріну сипаты да әр алуан болып келеді.

Адамның  қалыпты өмір тіршілігінен  бөлек кезеңдерінде,  мәселен баланың дүниеге келуі, қыз ұзату мен келін түсіру, азалау рәсімінде және  адамның науқасқа шалдыққан тұстарында атқарылуы рәсімдік ойындардың бір ерекшелігі болып табылады.

Мақалада талданатын бақсы ойыны  рәсімдік (ритуалдық) ойындар тобына жатқызылғанымен, оның ойын барысындағы   әрбір қимылы мен сөзі, дауысы тұтас тылсым дүниесін бағындыруға   бағытталып, бүкіл бақсылық ойынның  негізі рух-иелік   көне таным-түсініктермен тамырласып жатады.

Ал,  қыз ұзату, келін түсіру салттарындағы рәсімдік ойындар  отбасылық салттар аясындағы заңдылықтар аясында ойналып, ғасырлар бойы қалыптасқан жөн-жобаға байланысты адам өмірінің қуанышты сәттерін бейнелейді. Сондықтан да отбасылық салттарға қатысты рәсімдік ойындарға тән  ойын-сауықтың өзіндік ерекшелігі айқындалып, ойындағы рәсімдік күлкінің мәні ашылды.

  Мақалада ойынның шығу тегіндегі рәсімнің мәнін жан-жақты таныту  рәсімдік белгілердің уақыт өте келе мүлде өзгеріске түсуі ( Соқыр теке),  кейінгі заманғы балалар ойынындағы мифологиялық образдардың рөлі (Шымбике), көне танымдық түсініктердің  түбегейлі  өзгерісі (Алтыбақан),  бала жастан салтты тануға үйрететін «Монданақ» ойындарының  мәнін талдау мысалдары  арқылы дәлелденді.

Сонымен қатар мақалада маусымдық-салттық ойындардың бастапқы мәнінен көп өзгеріске түсіп, бүгінгі күні формасы мен мәні өзгергендігі анықталып, рәсім мен  ойынның  уақыт пен кеңістікке қатыстылығы, қатысушылар типінің ерекшелігі  жөнінде  де ой тұжырымдар жасалды. 

Мақала ҚР БҒМ Ғылым комитетінің АР8856460 «Ұлы дала ойындары (Ойындық фольклор):Ұлттық ойындардың ерекше мәдени құбылыс ретіндегі қоғамдық сананы жаңғыртудағы қызметі» гранттық жобасы аясында дайындалды.

Биография автора

duisengul zhaxan, m.auezov instituty

<br data-mce-bogus="1">

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар