АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕГІ ТАРИХИ ТҰЛҒАНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Авторлар

  • Б.К. Базылова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Алматы, Қазақстан
  • A. Талғатбек Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.53871/2078-8134.2023.1-06

Кілт сөздер:

тарихи тұлға, автролық концепция, роман, Алтын Орда

Аңдатпа

Мақала В.Янның "Шыңғыс хан" және Н.Санжардың "Алтын Орда жауынгерлері" ("Күтпеген қонақ – Жошы", "Бату-хан") романдарының материалдары негізінде тарих пен тұлғаның авторлық тұжырымдамаларының көркемдік ерекшеліктерін салыстырмалы-тарихи зерттеуге арналған. Бұл шығармалар бір тарихи дәуір туралы баяндайды. Бірақ жазушылар тарихтың әртүрлі кезеңдерінде, әртүрлі мемлекеттерде өмір сүріп, жұмыс істеді. Романдар әртүрлі көзқарастарды көрсетеді. Әр жазушы өз заманының көзқарасы бойынша тарихи тұлға тұжырымдамасын жасауға кіріседі, жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдығын жаңаша қарастырады. В. Ян тарихи өткенді Шыңғысханның іс-әрекеті арқылы бейнелейді, ал қазіргі қазақ жазушысы Н.Санжар тарихты Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастыруда маңызды мәнге ие Жошы мен Батумен байланысты оқиғалар арқылы көрсетеді. Әр жазушы өзінің тарихи тұлға концепциясың ұстанады. В.Янға оқырманның назарын зорлық-зомбылық пен қатыгездікке аудару маңызды болды. Н.Санжар Шыңғысханның анасына, әйеліне және балаларына – өз ұрпақтарына деген көзқарасын, Жошы хан, Бату ханның миссиясын көбірек толғандырады. Н.Санжардың тақырыпты дамытуға деген көзқарасы жаңалығымен ерекшеленеді. Шыңғысханның, оның ұрпақтарының мінезінің бейнесі тарихқа деген жаңа көзқараспен, психологизмді тереңдетумен және жеке тұлғаны бағалаудағы адамгершілік критерийлерді күшейтумен байланысты. Автор өз кейіпкерінің қарама-қайшылығының дәрежесі мен тереңдігін түсінуге тырысады. Өзін-өзі ашу әдісін қолдана отырып, жазушы өз заманындағы кейіпкер-адамның рухани драмасын көрсетеді.

Жүктеулер

Жүктеу деректері әлі қолжетімді емес.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-20

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Базылова, Б., & Талғатбек A. (2023). АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕГІ ТАРИХИ ТҰЛҒАНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ. Keruen, 78(1). https://doi.org/10.53871/2078-8134.2023.1-06

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Ұқсас мақалалар

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 > >> 

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.