ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТТЕГІ РАЙЫМБЕК БАТЫР БЕЙНЕСІНІҢ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторы

  • Қ.Абиыр Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматы қ., Қазақстан

Ключевые слова:

әдебиет, тарих, батыр, фольклор, қаһарман, бейне, әлем, эпос, мотив

Аннотация

Мақалада әдебиет пен фольклордың сабақтастығы мәселесі тарихи
поэтиканың дамуы аясында нақты теориялық талдаудан өткізілді. Роман жанрының, соның
ішінде тарихи романның көркемдік даму жағдайы контексінде фольклоризмнің қазіргі
әдебиеттегі орны мен ролі зерделенді. Ж.Тұрлыбайұлының «Райымбек батыр» романдилогиясы осыған мысал бола алады. Мақаланың басты мақсаты – тарихи тұлғаның көркем
бейнесін сомдаудағы фольклорлық мотивтердің қызметі зерттеу. Заманауи прозада реалды
тарихи тұлғаның көркем бейнесін жасаудағы әлемдік фольклордың әсер-ықпалы жан-жақты
қарастырылды. Райымбектің батыр болып қалыптасу, қаһармандық өсу жолын суреттеудегі
әлемдік фольклорға тән типологиялық ортақ сюжеттер салыстырмалы, салғастырмалы,
типологиялық талдаулар негізінде қарастырылды. Нәтижесінде автордың көркем образ
жасаудағы жеке шығармашылық шеберлігінің қырлары айқындалды. Талдау нәтижелері
романның сюжеттік құрылымы ұлттық фольклормен қоса әлемдік фольклорлық мұрадағы
архаикалық, қаһармандық, тарихи, романдық, дастандық эпостарға тән өзара ұқсас мотивтер
мен параллельдер негізінде жүйеленгендігін көрсетті. Мысалы, романда көрініс тапқан
ерекше тағдыр иесі болып, батырлық балалық шақ, жас қаһарманның өз атақонысынан
ажырап, басқа ортада тәрбиеленуі,нағашы жұртта есею, тұлпар таңдап міну, тұтқындағы
әкені құтқаруға асығу, жылқышы (табыншы) болу, батырдың туған жерді жаудан азат ету
жорықтары, сәуегей түс көру; жыланды/айдаһарды жеңу арқылы қалыңдығын тұтқыннан
азат ету, осылайша қаһармандықпен үйлену сынды көркем мотивтерді әлемдік эпостық
қордағы «Гильгамеш», «Илиада», «Роланд туралы жыр», «Нибелунгтар туралы жыр», «Сид
туралы жыр», «Тристан мен Изольда», «Манас», «Қорқыт», «Жаңғар», «Гэсэр», т.б.
үлгілерден де байқауға болады. Сонымен бірге тарихи шындықты көркем қорыту барысында
жазушылық фантазиямен дамытылған эпизодтық оқиғалардан Робин Гуд туралы
ортағасырлық ағылшын балладаларының әсерін де байқауға болады. Осы орайда Райымбек
Түкеұлының өмірбаяны мен оның өмір сүрген дәуіріне қатысты тарихи шындық авторлық
тұжырымға сәйкес көркемдік шешім тапқан деуге толық негіз бар.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Биография автора

Қ.Абиыр, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматы қ., Қазақстан

Қ.Абиыр, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Загрузки

Опубликован

2020-03-15

Как цитировать

Қ.Абиыр. (2020). ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТТЕГІ РАЙЫМБЕК БАТЫР БЕЙНЕСІНІҢ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Keruen, 66(1). извлечено от https://keruenjournal.kz/main/article/view/31

Выпуск

Раздел

Статьи