Байбота Қошым-Ноғай шығармаларының поэтикалық сипаты

Авторлар

  • Yerkanat Khuatbekuly М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты

Түйінді сөздер:

әдебиет, балалар әдебиеті, поэзия, аударма, мәтін, әдебиеттану, мәдениет.

Аннотация

Оқырман ретінде сұрыптау қабілеті, талғам мен тәжірибесі толықпаған, қамсыз да қаперсіз ойын баласының қызығушылығын ояту, ақпаратты шашыраңқы зейінде қабылдайтын бүлдіршіннің назарын тұрақтылыққа аудару, шығарманы бала санасына бейімдеп жазу оңай дүние емес. Кішкентай оқырмандардың психологиясын танып, ақпаратты қабылдауына зер салып, шығарма жазу балалар әдебиетінің күрделілігін көрсетеді.

Мақалада балалар әдебиетінің қиындығы мен қалтарыстарына қарамай ыждаһаттылық танытып жүрген ақын Б.Қошым-Ноғайдың еңбектеріне әдеби талдау жүргізілген. Балалар әдебиетінің дамуына ұзақ жылдар бойы үлес қосып келе жатқан Б.Серікбайұлының ауыз әдебиеті үлгілері мен жекелеген авторлардың шығармаларын жинақтауы, аудармалары, өлеңдері, заманауи форматта жарық көрген кітапшаларына тоқталып, әдеби аспектіде сараланған.

Мақала ҚР БҒМ Ғылым комитетінің AP08855695 «Қазiргi қазақ балалар әдебиетінің даму үрдістері» ғылыми жобасы аясында дайындалды.

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар