Қазақ және шетел прозасындағы мистика

Авторлар

  • Алтынай Асқарова Туран Астана универсиететі

Түйінді сөздер:

мистицизм, мистика, мистикалық әдебиет, сюжеттер миграциясы, рухани технология,

Аннотация

Мақала мистиканың табиғаты мен мәнін ашып, оның әдеби көркем шығармаларда қолданылу ерекшеліктерін талдауға арналған. Зерттеуде мистиканың өзегі діни-дүниетанымдық бастауларда жататыны ғылыми негізделіп, оның даму эволюциясы, тылсымдық құдыреті, сырлы сипаты көркем шығармаларда кездесетін мистикалық сюжеттер арқылы талданып, көрсетілген.

Зерттеу әдістемесі қатарында салыстырмалық әдіс, анализ және синтез, сюжеттер миграциясы теориясы, аналитикалық психологияның архетип, ұжымдық бейсаналық концепциялары пайдаланылып, исламдағы сопылық, иудаизимдегі  каббала мен хасидизм, қытайдағы даосизм, буддизмдегі дзен секілді рухани технологиялар кеңінен қарастырылған. Автор осы әдістемелік-танымдық платформаларға сүйене отырып, мистикалық әдебиеттің адам өміріндегі маңызын, ұлттық дүниетанымды тереңдетудегі, эстетикалық талғамды ұштаудағы оң әсерін нақты мысалдармен дәлелдеген.

Қазақ және шетел авторларының мистикалық бағыттағы әдеби шығармалары зерттеліп, мистицизмнің жалпы ерекшеліктері, бастау көздері мен функциялары анықталған.

Мистиканың әдебиетпен байланысын зерделей отырып, оның көркемдік қызметін қазіргі қазақ прозасы контекстінде қарастыру қазіргі әдебиеттану үшін маңызды. Қоғам мен  әдебиет даму үстіндегі болғандықтан, ғылыми ой пікірдің де өзгеретіні заңды. Әдебиеттанудың негізгі бір мақсаты – әдеби процессті қарастыру, салыстыру, ғылыми тұжырым жасау.  Әртүрлі ұлттардың таным түсінігіндегі ортақ ойлар ұқсастығы, яғни ортақ  сюжеттердің көшіп жүруі жайлы авторық тұжырым ұсынылған.

Мистика тәсілі арқылы ұлттың табиғатын, мінезін, психологиясын, болмысын, адам тағдырын бейнелейтін Т.Әбдіктің «Парасат майданы», «Оң қол», «Аққиқат», Мұхтар Мағауиннің «Жармақ» романы және Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Кене», Тұрсынжан Шапайдың «Жазу», «Айна сарай» мен «Көлді»  шығармаларына талдау жасалған.

Сондай-ақ, шетел жазушыларының туындыларындағы көркем тәсілдің қазақ туындаларындағы ықпалы және мистиканың – әлемді танудың ерекше тәсілі іспеттес екені нақты мысалдармен көрсетілген. 

 

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар