Прозалық шығармалардағы қасқыр бейнесі және диалогтік оқыту

Авторлар

  • Жанат Алиева КАЗНАЦЖЕНПУ

Түйінді сөздер:

проза, қасқыр образы, мейірімділік, диалогтік оқыту, психология, қарым-қатынас, көркемдік шешім

Аннотация

Бұл мақалада отандық және шетелдік прозалық шығармадағы қасқыр бейнесі салыстырыла талдауға алынып, диалогтік оқытудың маңызы қарастырылады. Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізетін хайуанаттар, оның ішінде қасқыр образы сомдалған көркем шығармалардың тәрбиелік мәні шетелдік прозалармен сараланып, сөз етіледі. Адам мен қасқыр арасындағы қарым-қатынас суреттеу арқылы адам мәселесіне ерекше назар аудартқан әлемге танымал атақты Дж.Лондонның «Ақ азу» атты көлемді туындысы мен М.Әуезовтің «Көксерек» повесі салыстырыла талдауға алынады. Сондай-ақ оқушыларға қойылатын сұрақтардың жауаптары ретінде Дж.Лондонның «Қасқыр», Эрнест Сетон-Томпсонның «Лобо», «Виннипег қасқыры», қазақ жазушысы Д.Рамазанның «Көкжал» атты әңгімелері де салыстырыла қарастырылып, адам қолында өскен қасқырлар мен өз ортасында өскен қасқырлардың ішкі психологиясына жүйелі түрде талдау жасалынады. Шығармалардағы адамның хайуанатқа деген көзқарасы бойынша оқушыларға қойылатын сауалдардың жауаптары талқыланады. Сабақта диалогтік әңгіменің бір түрі зерттеушілік әңгіме әдісін қолданудың теориялық және практикалық маңызын қамтуда диалогтік оқытуға қатысты танымал зерттеушілердің тұжырымдары назарға алынды. Осы зерттеуде аталған көркем прозалардағы автор идеясы мен қасқырдың ішкі психологиясына қатысты оқырманның көзқарасымен өзіндік тың пікірлер қозғалды.
Қасқыр образы сомдалған шетелдік және отандық классикалық прозаларды салыстыруда жазушылардың басты идеясымен қоса, оқырмандардың өіндік пайымдаулары ескерілді. Қасқырдың ішкі психологиясына талдау жасауда сыныптағы әр топқа берілетін тапсырмалардың үлгісі беріліп отырды. Солардың бірі «Мен жазушы болсам шығарманы қалай аяқтар едім...» бағытында жұмыс жасауға болатындығы қамтылды. Осы арқылы берілген сұрақтарға жауап қайтаруда білім алушылардың мәтінмен толық танысып қана қоймай, сыни пікірлер айтуға диалогқа түсетіндігі көрсетілді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыратын диалогтік оқытудың маңыздылығы туралы Ж.Аймауытов, Д.Барнс, Н.Мерсер сынды зерттеушілердің еңбектерімен негізделді. Қасқыр туралы шығармалардың барлығында да табиғат заңдылығының психологиясы қатаң ескеріле отырып, адамның хайуанатқа деген көзқарасы әр қырынан толыққанды ашылғаны аңғарылады. Шығармалардағы қасқырдың адамдармен қарым-қатынасы, тағдыры, олардың психологиясындағы айырмашылықтарды салыстыра отырып талдауда диалогтік әңгіменің өте қолайлы екеніне көз жеткізілді. Диалогтік әңгіменің бір түрі зерттеушілік әңгіме әдісінің тиімділігі, яғни, оқушылардың өз ойларында қалуға, өздерінің пікірлерін дәлелдеуге мүмкіндігінің мол екендігі айқындалды.

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар