ЗАҒИП ЖӘНЕ НАШАР КӨРЕТІН ОҚЫРМАНДАР ҮШІН АРНАЙЫ КІТАПХАНАЛАР ЖЕЛІСІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Авторлар

  • Лаура Бутабаева Абай атындағы КазҰПУ

Түйінді сөздер:

тифлопедагогика, инклюзивті орта, зағип және нашар көретін тұлғалар, ақпарат, мәдениет, ақпараттық мәдениет, ақпараттық сауаттылық, ақпараттық ресурстар, ақпараттық ізденіс, арнайы кітапхана.

Аннотация

Мақалада арнайы кітапхананың ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың теориялық мәселелері, тұжырымдамалары, ақпараттық ізденіс жүйелері туралы мәліметтер қарастырылды. Жаңа ақпараттық технологиялардың әлеуметтік дамудағы іргелі рөлін бүкіл әлем болып мойындауда. Кең әлеуметтік-мәдени контексте ақпараттық қоғам, ақпараттандыру, ақпараттық білім беру және осы сияқты басқа да ерекшеліктер қарастырылуда. Бұл жағдайларда нашар көретін адамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселесі ерекше мәнге ие болады. Көру қабілеті зақымдалған пайдаланушының ақпараттық мәдениетін ақпарат тұтынушы ретінде дамыту, арнайы кітапхананың жалпы ақпарат әлемімен өзара әрекеттесе отырып, қажет ақпараттық мәдениетті қалыптастырудағы мүмкіндіктері көрсетілген. Мақалада ақпараттық қажеттіліктері мен сұраныстарын талдау арқылы зағип пайдаланушының ақпараттық мәдениетін зерттеу және нәтижелерге сүйене отырып, оларды қанағаттандырудың негізгі бағыттарын анықтау көзделген. Зағип және нашар көретін тұлғаларға арналған кітапханалардың кітап қоры, оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету жодары, тифлология бөлімінің қызметі, Республика бойынша арнайы кітапханалардың желісіне талдау жасалды. Арнайы кітапханалардың оқырмандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудағы ақпараттық жұмыстары мен қоғамды ақпараттандыру мәселелері және кітапханада инклюзивті орта құру мәселелері анықталды.
Арнайы кітапхана зағиптар мен нашар көретіндер үшін, сондай-ақ кітапқа деген сұранысты қанағаттандыру үшін ақпарат пен кітапханалық ақпаратқа тегін қол жеткізудің негізгі көзі болып табылады. Кітапхана қызметінің мақсаты-мүмкіндігі шектеулі жандарды қазіргі замандағы ағартуға, оларды қажетті ақпаратты іздеуге және тәжірибелік қызметте пайдалануға бағыттау және әлеуметтік-мәдени өмірде өз қабілеттерін қолдану. Кітапхана мәдени мекеме ретінде инклюзивтік процестің әрбір қатысушысының даралығын қабылдау идеясына негізделген өзінің инклюзивтік тәжірибесін ұсынады, ал олардың білімі мен бос уақыты әрбір адамның ерекше қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылады.

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар