Абай поэзиясындағы ұлттық болмыс пен мінез

Авторлар

  • Ali Abbas Çınar Mugla Sitki Kocman University
  • Нұр Мағазбеков М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

Түйінді сөздер:

Абай, поэзия, ұлт, болмыс, мінез, пәнаралық зерттеу

Аннотация

Абай шығармашылығы бұған дейін де көп зерттелді. Әр кезеңдерде ақын мұрасын тану мақсатында іргелі еңбектер жарық көріп, тың ізденістер жасалды. Әсіресе, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Абай мұрасын ұлттық таным тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік туды. Көптеген өзекті тақырыптар зерттеу нысанына алынып, әр қырынан жан-жақты зерттеле түсті. Абай шығармашылығында кеңінен насихатталған ұғым-түсініктердің мәнін ашып, оларды тереңірек түсіндіруге жағдай жасалынды. Бүгінгі абайтану саласында, әсіресе, ақынның «толық адам» тұжырымдамасына ерекше назар аударылады. Себебі ХХІ ғасырда қазақ қоғамының алдында әлі де рухани жаңғыру талабы тұрғаны белгілі. Ал Абай ілімі ұлттың рухани кемелденуінің тұжырымдамасын ұсынады. Осыған орай мақалада Абай іліміндегі ұлт болмысын зерделеу арқылы дін мен діл, қоғам және тұлға арақатынасына қатысты мәселелерге қозғау салынды. Ұлтқа тән мінез қырлары қоғам келбетін тануға мүмкіндік беретіндіктен, ақын мұрасындағы кезеңдік мәселелер деңгейінде ұлт болмысындағы өзгерістер пайымдалды. Ақын өлеңдерінен мысалдар келтіре отырып, сол кезеңдегі халық бейнесінің ерекшеліктері және оның өзгеруіне әсер еткен тарихи жағдай қарастырылды. Сонымен қатар абайтанушы ғалымдар пікірі беріліп, ондағы өзекті мәселелер сараланып, тақырып кеңінен ашылды. Сол арқылы халықтың рухани-психологиялық бейнесі танылып, жаңаша қырынан талданды. Талдау нәтижелері ұлт ақын шығармаларын пәнаралық ыңғайда зерделеу бойынша перспективалы бағыт-бағдарларды айқындауға мүмкіндік береді. Осы ретте тарих (этнология), этнопсихология, этномәдениеттану салаларымен сабақтастықтың ролі зор. Мақала AP09259694 «Қазіргі әдебиеттану және когнитивтік парадигма» жобасы аясында дайындалды.

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар