Абай шығармаларының мағыналық-құрылымдық жүйесі

Авторлар

  • Бақытхожа Баязитов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Жанғара Дадебаев
  • Сәуле Жусанбаева

Түйінді сөздер:

Абай, шығармашылық, ілім, зерттеу, пәнаралық, жүйе, психопоэтика, лингвопоэтика

Аннотация

Мақалада қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастың барлық салалары мен деңгейлері үшін Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздерін зерттеу мақсатында Абай мұрасына пәнаралық талдау жасалды. Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың қоғамдық-әлеуметтік өмірдің әр саласы мен деңгейіне арналган мағыналық-құрылымдық модельдерін жасаудың ғылыми негіздері тиянақталды. Абай ілімінің құрылымдық жүйесі мен пәнаралық өрістері негізделді. Абайдың шығармашылық мұрасы психопоэтика, лингвопоэтика және дәстүрлі дүниетаным категорияларының жүйесінде пәнаралық тұрғыда зерттелді.

Абай шығармаларының мағыналық-құрылымдық жүйесін анықтау, жүйелеу бойынша Абай шығармаларының психопоэтикасы мен лингвопоэтикасына назар аударылды. Пәнаралық зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы талдау, жүйелі талдау, кешенді талдау, пәнаралық талдау, логикалық-мағыналық модельдеу әдістері аясындағы методологиялық ұстанымдар қолданылды. Абай шығармаларының психопоэтикасы негізінде ішкі психологиялық күй мен сыртқы құбылысты үйлестіруінің мағыналық-құрылымдық жүйесі талданды. Өлең мәтінінің семантикасын талдау барысында лингвопоэтикалық тұжырымдар жасалды.

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылында абайтану саласында ғалымдардың талай буынының тәжірибесін, тарихи қалыптасқан ғылыми мектептердің арнаулы ақпараттары мен өндірген білімдерінің мол қорын қамтитын дербес ғылыми база негізі жасалды. Абай ілімінің концептуалды моделі жасалды. Негізгі зерттеу нәтижелері жинақталды және тұтастандырылды. Қол жеткен нәтижелер абайтану ғылымы саласында баламасы жоқ жаңалық, жаңа білім болып табылады. Зерттеу нәтижелерінің жаңалығы екі сала бойынша сипатталды. Оның бірі – Абай шығармашылығы негізінде бұрын арнайы қарастырылмаған тың, өзекті мәселелердің зерттеліп, тиісті шешімін табуы. Екіншісі – Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеудің методологиялық деңгейіндегі жаңа ұстанымдарының негізделуі және олардың іс жүзінде қолданылуы. Абай шығармаларының мағыналық құрылымы, логикалық құрылымы қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы үлкен жетістіктерінің бірі. Зерттеу нәтижелері қоғамдық сананың жаңғыруына, қоғамның интеллектуалдық және тұрақты дамуына қызмет етеді.

Мақалада психопоэтика, лингвопоэтика және дәстүрлі дүниетаным категориялары пәнаралық зерттеу талаптарына сәйкес пайымдалды, аталған категорияларды зерттеудің ортақ параметрлері анықталды. Оларды анықтау Абайдың шығармашылық мұрасына тән басты белгілерге негізделді. Абай мұрасының бүгінде және болашақта маңызы мен мәнін жоймайтыны анық. Сондықтан шығармаларға мағыналық-құрылымдық талдаулар жасап, өзіндік жүйесін тану кезек күттірмейтін іс. Мақала – осы мақсатты жүзеге асырудағы көп еңбектің бір бөлігі.

Мақала ҚР БҒМ Ғылым комитетінің АР08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» гранттық жобасы аясында дайындалды.

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар