«Абай жолы» роман-эпопеясындағы этномәдени ақпаратты оқытудың маңызы

Авторлар

  • Наргиза Балтабаева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
  • Бағила Панзабек Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
  • Б. Қожекеева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Түйінді сөздер:

этномәдени ақпарат, құзіреттілік, ұлттық құндылықтар, ұлттық код, салт-дәстүр, әдет-ғұрып.

Аннотация

М.Әуезовтің  «Абай жолы» роман-эпопеясы ұлттық бояуы қанық, ұлт тарихының бар асылын бойына сыйдырған, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық мінез, ұлттық болмыс көрініс тапқан шығарма екені рас. Абай бейнесі – күрделі тұтастық. Абай айналасындағы образдар, Абайға қатысты оқиғалар қазақ халқының ұлттық болмысынан, құндылықтарынан хабар береді. Автор шығармада барынша әсем суреттерменен, психологиялық кескіндермен, асқан шеберлікпен суреттеп береді. Ұлттық рух, ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай рухани жаңғыру болмайтындығы белгілі. Халықтың басты ұлттық белгісі, тарихы, дамуы тарихи  қалыптасқан тыныс-тіршілігінен тұрады. Абай даналығы – күллі адамзатқа үлгі болар даналық.   

             Мақалада «Абай жолы» роман-эпопеясын оқыту арқылы тұлға қалыптастыруда этномәдени құзіреттілікті дамыту, оны білім беру жүйесінде негізгі мақсаттардың бірі болу керектігі сөз болады. Сонымен бірге «Абай жолы» роман-эпопеясындағы этномәдени ақпараттың ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастырудағы әлеуеті қарастырылған.  Әдеби мұраны толық таныту арқылы оқыту ұлттық мәдениетімізді рухани-танымдық жетілдіру мақсаттары екендігі көрсетілген. Роман-эпопеяда  көтерген этномәдени ақпараттың өзектілігі, заманауи сипаты айқындалған, роман-эпопеяны оқыту  әдістерімен түсіндіруге, автордың көзқарасын жаңаша пайымдауға тырысады.

              Автордың роман-эпопеяда ұлттық құндылықтарды жеткізу, оқырманның танымдық дүниесін кеңейту әдістемелік жағынан талданады. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, ұлттық-мәдени ерекшеліктері бейнеленген шығарманы жүйелі әдіс-тәсілдермен оқыту арқылы көркемдік-эстетикалық табиғаты сараланады. Роман-эпопеядағы ұлттық болмыс көрсеткіштері дараланып, оларды жаңғыртудағы орны, қызметі  зерделенеді. Көркем шығарманы жазылуы, оны оқыту мен талдау шығармашылық қабілетпен, тиімді әдістермен бекітілетіндігі, ұлттық рухани байлығы мол, парасатты, иманды, салт-дәстүрге берік, білімді жеке тұлғаның қалыптасуы этномәдени құзіреттілік нәтижесінде екендігі айтылады.

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар