ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЗГЕ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ МАҚАЛДАРМЕН ҰҚСАСТЫҒЫ

Авторлар

  • Nazira Sarsek М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер и нституты

Түйінді сөздер:

мақал-мәтел, фольклор, тарихи жәдігер, түркі тілдері, жанр, төрт түлік.

Аннотация

Мақалада қазақ мақал-мәтелдері кейбір түркі халықтарының мақалдарымен салыстырыла отырып, олардың өзіндік ерекшеліктері сөз болады. Жалпы, фольклортанушы ғалымдар мақал-мәтелдерді көне жанрлар қатарына жатқызатыны белгілі. Қазақ фольклортанушылары бұл жанрдың ерекшелігіне тоқталып, мақалға және мәтелге жеке-жеке анықтама берген. Мақалада қазақ мақал-мәтелдерін зерттеген ғалымдардың еңбектері жайлы қысқаша айтылып, олардың арасынан кейбір фольклортанушы ғалымдардың берген анықтамалары келтіріледі. Сонымен бірге мақал-мәтелдердерде қозғалатын тақырыптар сөз болып, олардың жанрлық ерекшеліктері мен атқаратын қызметі туралы, халық даналығы мен өмір тәжірибесінің, танымы мен түсініктерінің мақал-мәтелдерде көрініс табуы жайлы да айтылады. Қазақ мақал-мәтелдерінің шығу төркіні қарастырылып, түркі халықтарының ортақ рухани мұралары туралы сөз қозғалады.  

Мақал-мәтелдер халықтың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесіне сүйене отырып, адамдарға ақыл-кеңес те береді. Мақалада олардың осы ерекшелігімен қатар, тәрбие құралының ролін атқаратыны туралы сөз болады, осыған қатысты кейбір ғалымдардың айтқан пікірі келтіріледі. Түркі тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ортақтығына және көпшілігінің ұқсас болып келуіне себеп болған факторлар мен жағдайлар айтылады. Бұл жерде тарихи фактордың, яғни түркі халықтарының ортақ тарихының, рухани мұрасының маңызы ерекше екені даусыз. Көшпелі түркі халықтарының тіршілігі мен тұрмысы мал шаруашылығына байланысты болғандықтан, олардың қорында төрт түлікке қатысты мақалдар көп кездеседі.  Түркі халықтарының ортақ тарихи жәдігері Махмұт Қашқаридың «Түрік сөздігі» («Диуани-лұғат-ит-түрк») шығармасында айтылатын мақал-мәтелдердің үлгілерінен бірнеше мысал келтіріліп, қазақ және башқұрт, ноғай тілдеріндегі мақалдармен салыстырылады. Бұл мақалдардың және мәтелдердің бүгінде тілімізде қолданыста жүрген нұсқалары беріледі.

 

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар