ҚИССАСИ ӘР-РАБҒҰЗИ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІНДЕ ПАЙҒАМБАРЛАРДЫҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕСІ

Авторлар

  • Х.Х Таджиев М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-8078-1585
  • Т.Е. Қыдыр М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, Алматы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.53871/2078-8134.2024.2-08

Түйінді сөздер:

Рабғұзи, әдебиет, пайғамбар, жанр, Шәді Жәңгірұлы

Аннотация

Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасу тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі Алтын Орда кезеңі десек, бұл тұста жазып қалдырылған жазба жәдігерлердің поэтикасы мен өзінен кейінгі кезеңдерде қазақ елінің әдебиетіне жасаған әсері мен рухани байланыстарын зерттеу бүгінгі әдебиеттану ғылымындағы маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Қазақ халқының рухани мәдениеті мен әдебиетінің қалыптасуында маңызды орын алатын сондай жазба жәдігерлердің бірі ел арасында «Қисса-и Рабғұзи» (Рабғұзи қиссалары), Қисас ул-әнбия немесе «Пайғамбарлар қиссасы» деген аттармен танылған шығарма. Мақалада, Рабғұзи қиссалары мен 20 ғасыр басындағы қазақ қоғамын рухани кемелдікке тәрбиелеген ақындар шығармашылығындағы пайғамбарлардың көркем бейнесі салыстырмалы түрде талдау жасалынды. Атап айтқанда, Шәді Жәңгірұлы, Жүсіпбек Шайхисламұлы сынды ақындар елдің рухани санасының өсуіне, үлес қосты. Олар атақты медреселерде білімін шыңдап, дәстүрлі ислам мәдениетін өлеңдері арқылы көрсете білген ақындар болды. Бұл сөз шеберлерінің шығармашылығы бүгін әдебиеттану ғылымындағы  зерттеуге тиісті тақырыптардың біріне айналып отыр. Әсіресе, Исламның негізгі қағидалары мен адамзатқа үлгі боларлық пайғамбарлар өмірін поэзия арқылы насихаттау ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихында елеулі орынды алып отыр. Зерттеу мақала бұл мәселені зерделей отырып, Рабғұзи қиссалары мен ХХ ғасыр басындағы шығармалардың арасындағы рухани үндестік пен танымдық-идеялық ерекшеліктерін ашып берді.

Жүктеулер

Данные скачивания пока недоступны.

Загрузки

Жарияланған

2024-06-25

Қалай дәйексөз алуға болады

Таджиев, Х., & Қыдыр, Т. (2024). ҚИССАСИ ӘР-РАБҒҰЗИ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІНДЕ ПАЙҒАМБАРЛАРДЫҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕСІ. «Keruen» ғылыми журналы, 83(2), 110–118. https://doi.org/10.53871/2078-8134.2024.2-08

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар