М.ШОҚАЙ ӨЛЕҢДЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ-МӘТІНТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Т.Е. Қыдыр М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, Алматы, Қазақстан
  • Т.С. Тайман Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан
  • С. Жарбұлова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.53871/2078-8134.2023.3-07

Түйінді сөздер:

Шоқай, өлең, мәтін, қолжазба, графика, нұсқа, көркемдік ерекшелік.

Аннотация

Мұстафа Шоқай мұрасы жан-жақты зертелу үстінде. Оның Қоқан, Ыстанбұл, Тбилиси,
Берлин, Париж қалаларында жазған мақалаларында түркі халықтарының бірлігі мен тұтастығы
басты орында тұрды. М.Шоқайдың «Йаш Түркістан», «Түркістан», «Бірлік туы» және т.б. газеттеріне
жариялаған дүниелері тарихшылардың назарына ілігіп, біраз зерттеулерге негіз болды. Түркі әдеби
(шағатай, османлы) тілінде жарық көрген еңбектерінің тілі бүгінде тілші ғалымдардың да назарын
аударуда. Десек те, М.Шоқайдың қаламынан туындаған жыр-жолдары әдебиеттанушылардың на-
зарынан тыс қалып келеді. Оған себеп оның өлеңдерінің баспасөз беттерінде жарияланбастан,
қолжазба күйінде қалып қоюуы дер едік. Оның студенттік шақта түркімен досы Қ. Бердиевке арналған
«Қақажанға», сондай-ақ, Тбилисиде жүріп елге деген сағыныштан туған «Секірген лақ көрдім тау
басынан» деген өлеңдері арнайы зерттеу нысанына алынбаған. М. Шоқайдың ақындығына қарағанда
саяси қайраткерлігі басым дегенімізбен де, оның қаламынан туған әрбір дүниенің бүгінгі шоқайтануда
алар орны ерекше. Шетел мұрағаттарынан табылған бұл өлеңдердің хұснихатын (каллиографиясын),
жазу мәнерін, көркемдігін талдап берудің маңызы жоғары. Оның түркі әдеби тілінде жазған мақалалары
мен өзінің ана тілінде туған жыр жолдары тұтастанған жағдайда ғана М. Шоқай әлемі толық ашылары
анық.

Жүктеулер

Данные скачивания пока недоступны.

Загрузки

Жарияланған

2023-09-20

Қалай дәйексөз алуға болады

Қыдыр, Т., Тайман, Т., & Жарбұлова, С. (2023). М.ШОҚАЙ ӨЛЕҢДЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ-МӘТІНТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ. «Keruen» ғылыми журналы, 80(3), 82–94. https://doi.org/10.53871/2078-8134.2023.3-07

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар