ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУРЕТШІЛЕРДІҢ НАТЮРМОРТ ЖАНРЫНДА ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАРДЫ КӨРКЕМДЕУДІҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторы

  • Мөлдір Келсінбек М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

Ключевые слова:

натюрморт, штрих, аллегория, архетип, семиотика, композиция

Аннотация

Бұл мақалада натюрморт жанрында жазылған қазақ суретшілерінің картиналарын  мысалға ала отырып,  Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі ұлттық ерекшеліктері зерттеледі.

Картиналарды талдау барысында қазақ халқының мәдениетін дамытудағы бейнелеу өнеріндегі натюрморт жанрының маңызды рөлін анықтауға мүмкіндік береді. Дәл осы жанрда алғаш рет кескіндемедегі ұлттық құндылықтарды ұғынуға, өнерде ұлттық ерекшеліктердің жаңа түрлерін беруге талпыныс пайда болады.  Автор натюрморт композицияларын құру кезінде және оның мағыналық толықтырылуында ұлттық тұрмыс заттары мен ою-өрнектер сияқты элементтерді пайдаланудың ерекшеліктерін атап өтеді. Суретшілердің суреттерін формальды және семантикалық талдау негізінде А. Ғалымбаева, С.Рахимов, Бахтеев А, Т.Тоғысбаев, Г. Мұхтарова, А. Есдаулетов, А.Абжанова натюрморттарындағы   ұлттық проблемаларды түсінудегі жалпы ерекшеліктері және тәсілдердегі мағыналық айырмашылықтары анықталды.

Натюрморттағы ұлттық модельдерді кеңістіктегі  көрінісін және де  формаға байланысты  екі түрге бөліп қарастырған. Бірінші жағдайда ұлттық тұрмыс заттары суретте артқы фонды немесе матаның шамалы елеусіз бөлшегін толтыру ретінде пайда болады. Екінші жағдайда, ұлттық нақыштағы заттар әлемі алдыңғы планға шығарылып, матаның композициялық және мағыналық құрылысын айқындай отырып, натюрморттың маңызды бөлігіне айналады.  Кескіндемешілер заттардың арқасында қазақ тұрмысының рухын көрсетуге тырысты, бұл олардың ұлттық өнерді іздеу ретінде анықтауға мүмкіндік береді. Натюрморттың әрбір элементі терең философиялық мәнге ие, мысалы картиналарда  түстік үйлесімі арқылы философиялық ерекшеліктер қарастырылады. Қазақ суретшілерінің суреттерін талдау арқылы қазақ халқының мәдениетін дамытудағы натюрморттың және бейнелеу өнеріндегі ұлттық мәселелерді шешуде үлкен рөлін анықтауға мүмкіндік береді.

Загрузки

Опубликован

2021-08-13

Выпуск

Раздел

Статьи