ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ СИЫРҒА ҚАТЫСТЫ ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ-ТҮСІНІКТЕР

Авторлар

  • nassikhat nabiolla M.Auezov instituty

Түйінді сөздер:

фольклор, ауыз әдебиеті, миф, аңыз, мақал-мәтел, жұмбақ, мұра, жыр, ертегі, жер, көк, мәтін, сиыр, бұқа

Аннотация

Ертеден төрт түлік малды бағып жүрген халқымыз олардың иесі бар деп сенген. Төрт түлік малдың иелерін олардың «ата-бабалары» немесе «пірлері» деп түсінген. Сондықтан да оларға мифтік сипат берген. Киелі саналатын бабаларына тәу етіп, жәрдемші болуын сұраған. Оларға ізгі тілектерін білдіріп, мейірлендіруді мақсат еткен. Сонда ғана малға ие бола аламыз деп ойлаған. Сол себепті де түрлі салт-жоралғылар мен ырым-тиымдар барлыққа келген. 

Кезінде сиырдың төтемдік жануар болғандығын дәлелдейтін ел ішінде көптеген мифтер таралған. Сиыр малын, соның ішінде бұқаны ерекше құрмет тұтқан. Тіпті жердің жаратылуына да қатысы бар деп әспеттеледі. Ол мифтерде  көк бұқа, кейде көк өгіз ретінде танылып, фольклорда ерекше ен-таңбасымен айшықталады. Бұл негізінен жердің жаралуы туралы мифтермен астасып жатыр. Әлем халықтарының мифологиясында жерді киіт, балық, піл (ертедегі үнділердің түсінігі бойынша), жылан көтерсе, түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының арасында тараған мифте Жаратқан жерді жаратып болған соң, оны көтеріп тұруы үшін көк бұқаның, кейде көк өгіздің үстіне қойған деп айтылады.  Өгіз немесе бұқа туралы мифтерден назар аударатын және бір жағдай  өгіздің көк болуына байланысты. Жалпы көк түс ерекше қасиеттеледі, айталық «көк бөрі»,  «көк боз ат», «көк бұқа», «көк өгіз», т.б. Жерді көк өгіз көтеріп тұрады дегендегі «көк» оның түр-түсі емес, «Көк аспан», «Көк Тәңі», «Көк Тәңірінің өгізі» деген мифтік түсініктен қалыптасқан. Бұндай түсініктің қалыптасуына оның көшпелі өмірде ең алғашқы жүк артар көлікке айналғандығында болса керек.

Биография автора

nassikhat nabiolla, M.Auezov instituty

<br data-mce-bogus="1">

Загрузки

Жарияланған

2021-09-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар