«АНАРХАН» ДРАМАСЫНДАҒЫ ҰЙҒЫР ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ МЕН БҮГІНГІ САХНАЛЫҚ КӨРІНІСІ

Авторлар

  • Анар Еркебай Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы
  • Расул Усманов Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы

Түйінді сөздер:

Ұйғыр театры, ұлттық драматургия, режиссер, актерлік шеберлік, сценография, дәстүр.

Аннотация

Қ.Қожамьяров атындағы Республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры ашылған күнінен бастап кәсіби тұрғыда дамып, өз көрерменін ұлттық және әлемдік классиканың үздік үлгілерімен таныстырды. Әсіресе ұлттық драматургияны қалыптастыру жолында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Ұйғыр халқының басынан өткен тағдырын, тарихын баяндайтын Ж.Асимов пен А.Садыровтың «Анархан» музыкалық драмасы 1934 жылы алғаш жарыққа шығып, бүгінгі күнге дейін сахна төрінен түспей қойылып жүрген шығармалардың бірі. Бостандықты, шынайы махаббатты, адалдық пен парасаттылықты жыр ететін «Анархан» қойылымы көптеген ұйғыр халқының актерлері мен режиссерлерінің бағын ашқаны да жасырын емес.

Мақалада ұйғыр театрында режиссер М.Изимов қойған «Анархан» музыкалық драмасы талданған. Ұлттық ұйғыр драматургиясының асыл қазынасына айналған бұл пьесадағы гуманистік идея, көркемдік ерекшелік, ұлттық нақыш бояулар, сом тұлғалар, тамаша тіл шұрайлығы көрермендерге  эстетикалық ләззат силап, театр репертуарында ұзаққа тұрақтауына негіз болғаныда сөз болады. Спектакльде халық әндері мен билері сахналық бейнелермен қабысып, өзінің жаңа көркемдік сипатын танытқаны баса көрсетілген. Режиссер сахналық тұлға жасаудағы ішкі толғаныс-тебіреніске, адам мінезінің сан-қырлылығына, сонымен қатар актерлер ойынының ансамбльдік тұтастығына ерекше көңіл аударғаны да жан‑жақты қарастырылған. Режиссер М.Изимов тарихи-этнографиялық белгілерді, халықтық дәстүрді бұзбай спектакльде ұтымды пайдаланғанын, И.Рахметжанның бейнелеуіндегі Анархан, Д. Аманбаевтың орындауындағы Хамра, А. Искандаровтың Сұлтанбайы мен т.б. кейіпкерлердің мінезін, актерлердің шеберлігін автор жан‑жақты талдаған. Кейіпкерлерге берілген түсіндірмелер режиссерлік ой-тұжырымға бағындырылып, «Анархан» музыкалық драмасының халықтық сипатына сай келгені де баса айтылады.

Ұлттық драматургияның классикасына айналған «Анархан» қойылымы бүгінгі ұрпақты толғандыратыны сөзсіз. Елінің тарихын, сұлу бойжеткеннің ауыр тағдыры сынды оқиғаны қазіргі жастарға жеткізу мақсатында режиссер мен театр ұжымының еңбегі зерттеушілердің пайымдауынша репертуарға ұзақ тұрақтады. Бұл шығарманың уақыт талабына сай, қайта қойылып отыруы театрдың тың режиссерлік шешім, соны актерлік табыстарға жетуіне мүмкіндік туғызып отырады.

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар