Әдеби туындыдағы заттық әлемді эстетикаландыруда поп-арттың көркемдік қызметі

Авторлар

  • Рита Султангалиева М. Өтемісов атындағы БҚУ
  • Жарқынай Харисова М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Түйінді сөздер:

алеаторика, хэппенинг, кездейсоқтық, ойыншы, философия, идея, тұлға, постадам.

Аннотация

20 ғасырдың екінші жартысында әлем мәдениетіне постмодернизмнің жаңалық болып енуі көптеген өнер салаларына айтарлықтай ықпалын тигізді. Постмодернизмнің өзара бағыттарға бөлінуі нәтижесінде алеторика мен хэппенинг бағытының бөлініп шығу көптеген туындылардың жазылуына бастау болды.

Мақалада алеаторика мен хэппенингтің драма, музыка сынды өнер салаларында бастау алуы мен көрініс табу ерекшеліктері туралы ақпараттар келтіріліп, әдебиетте көрініс табу жағдайлары талқыланады.

Көрермендер мен тыңдармандардың  көз  алдында орын алатын өнердегі көркемдік бағыттар ретінде алеаторика мен хэппенинг өзіндік орындалу техникасына ие. Әдебиеттегі алеаторика мен хэппенингтің кездесу ерекшеліктерін анықтау барысында бұл бағыттардың философиялық мәні мен идеясына назар аударылады.

Мақалада постмодернизмнің екі негізгі бағыттарындағы постадам бейнесі қоршаған орта, әлеуметтік жағдай, заттық әлем әсерінен ашыла түседі. Алеаторика өмірді кездейсоқтық билейді дейтін философиялық түсінікке негізделгендіктен, автор кейіпкерді қайырымсыз құрылымдардан құтқарғысы келгенмен, өзге оқиғалар есебінен пайда болған субъективті озбырлыққа  тап болады. Хэппенингте постадам кездейсоқ  оқиғалар  тізбегінен тұратын әлемдегі  тұлға  субъективті  түрде  толық  еркіндікті  сезінетін, бірақ іс  жүзінде  жазмышқа бағынатын, ырыққа көнгіш бейнеде көрініс табады. Сонымен қатар кейіпкерлердің жұмбақ, логикаға қарама-қайшы әрекеттері де қатыстырылады.

Қазақ әдебиетіндегі жаңашыл туындылардың көпшілігінде алеаторика мен хэппенингке тән ерекшеліктер кездеседі. Өнер қоғамның әлеуметтік тұрақтылығына байланысты сейсмо-сезімтал екендігін ескерсек, қоғам мен мәдениеттегі орын алып жатқан өзгерістерге сай постмодернизм ерекшеліктерінің әдеби шығармаға да ықпал етуі заңды. Туыстас бағыттардың әдебиеттегі көріністерін қарастыру үшін бірнеше жазушылардың шығармалары талданып, мысалдар келтірілді.  

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар