Пандемия жағдайындағы оқу мәдениеті және оның азаматтардың құндылықтарына әсері

Авторлар

  • Zharkynbek Abikenov Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Венера Енсеева Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Түйінді сөздер:

пандемия, тәжірибе, мәдениет, кітап, сауалнама.

Аннотация

Бұл зерттеу COVID-19 оқшаулану кезеңінде кітап оқу мәдениеті және рөлін анықтау үшін жүргізілді. Зерттеуде пандемия жағдайындағы кітап оқу мәдениетін жетілдіру және оқылым арқылы ынталандыру көптеген психологиялық ауытқулардан алдын алуға болады деп тұжырымдайды. COVID-19 пандемиясы көптеген өзгерістерге алып келді. Пандемияның алдын-алуға байланысты азаматтар мәдени шараларға бара алмады. Бұл жағдай Қазақстандағы кітап оқу мәдениетіне, оқу әдеттеріне қалай әсер етті? Дағдарыс кезінде адамдар әдебиетті қалай оқиды және кітапханамен қалай байланысады?
Пандемия жағдайында азаматтар эмоцияны реттеуге көмектесу үшін әдебиеттерді қолданды ма? Тұрмыстық жағдайдың өзгеруі кітап оқу тәжірибесін қалай өзгертті? Респонденттерден сауалнама жүргізу арқылы біз адамдардың пандемия кезіндегі әдебиетпен байланысты тәжірибелерін қарастырғымыз және зерттеу шеңберінде мәселелерді анықтағымыз келді.
Бұл зерттеуден алынған тұжырымдар пандемия кезіндегі оқшауланудың кітап оқу мәдениетіне қатысты практикалық мәселелерге ықпал етеді. Осы зерттеу жұмысынан туындайтын маңызды тұжырымдар, кітап оқуды насихаттаудың әлемдік тәжірибесін талқылау, кітап оқудағы мәдени құзыреттілікті дамыту, интеллектуалдық әлеуетті арттыру, оқылатын материалдар, кітап оқудың себептері, оқшаулау кезінде оқуға кететін кезеңдерді талдау болып табылады. Осылайша, респонденттерден олардың оқу мәдениеті және олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кітапханаларды дамыту бағыттары туралы алынған мәліметтер зерттеу үшін ең маңызды болып саналды.
Қазіргі кезеңде азаматтардың кітапқа деген қызығушылықтары мен оқудың қоғамдағы рөлі айтарлықтай төмендеп кетті. Азаматтардың кітап оқуға немесе ақпаратқа деген қажеттіліктері негізінен интернет-ресурстардың көмегімен алынады. Алайда, бұл тәсіл тұлғаларды көпұлтты мәдениетке рухани, материалдық және зияткерлік ерекшеліктер, дәстүрлер және т.б. кешенді түрғыда ықпал ете алмайды. Мәдени және зияткерлік құзыреттілік ұғымының деңгейі мемлекеттің саясатына, экономикасына, ұлттық қауіпсіздігіне және бәсекеге қабілеттілігіне толық әсер етеді. Кітапхана ісін ұйымдастыруды қайта жаңашыл тұрғыда қарастырған жағдайда ғана жағымсыз өзгерістерді өзгертуге болады. Бүгінгі таңда кітапхананың қызметі тек қана кітап қорларын жинау және сақтау ғана емес. Бірінші кезекте бұл кітапханаға келушілерді зияткерлік сипаттағы ақпаратпен сапалы қамтамасыз ету. Себебі кітапханадағы қызметі бұл барлық азаматтардың мемлекет өміріне саналы, шығармашылық қатысуының маңыздылығын растайды. Айта кету керек, оқу мәдениеті ұғымының өзіне тән ерекшелігі-оқылғанды түсіну, ең маңызды, маңызды және құндылықтарды табу мүмкіндігі.

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар