БАҚЫТБЕК ҚАДЫРДЫҢ «ЖАСЫЛ ШАТЫРЛАР» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ МИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ФАНТАСТИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР

Авторлар

  • Ainur Akhmetova M.O. Auezov Institute of literature and art

Түйінді сөздер:

мистика, ғылыми фантастика, қазақ әңгімесі, жасыл шатырлар

Аннотация

Мақалада жазушы Бақырбек Қадырдың «Жасыл шатырлар» әңгімесіндегі мистикалық және ғылыми фантастикалық элементтер қарастырылған. Автордың мистикалық және фантастикалық уақыт пен кеңістікті ұйымдастыруындағы көркемдік әдістеріне талдау жасалды. Сондай-ақ Б. Қадыр аталған шығармасы мен жапон жазушысы К. Абэнің «Құм құрсауындағы әйел» романының баяндау стиліндегі кейбір ұқсастықтар айқындалды. «Жасыл шатырлар» әңгімесіндегі мистикалық және ғылыми фантастикалық сюжеттер жүйесінің басқа аңыздық, мифтік мәтіндердегі сілтемелеріне құрылымдық, герменевтикалық, феноменологиялық интерпретация берілді. «Көктен немесе аспаннан адам түсу» мотивінің әртүрлі дереккөздердегі түсіндірмесі мен әңгімедегі символдық мәні талданды. Автордың «Жасыл шатырлар» әңгімесін жазуға түрткі болған қоғамдағы басты мәселелер түсіндірілді. Әңгіменің жазылуына адамдардың бір-бірін өзара кемсіту және жатсынуының себебінен болатын теріс әрекеттер мен қылмыс түрлері әсер еткендігі анықталды.  Сондай-ақ, қоғамдағы зорлау және қорлау әрекеттерінің көбі адамдар бір-бірін діні, тілі, жынысы, нәсіліне қарай кемсітетіндіктен болатыны әңгімеде аллегория және ишаралау әдістері арқылы көрсетілген.

            «Жасыл шатырлар» әңгімесіндегі «көктен адам түсу / жауу» мотиві түсіндірмесінің басқа мәтіндер («Құран», «Інжіл», аңыз, ақпарат мәтіні) қабатындағы мазмұнына салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасалды. Нәтижесінде автордың діни және аңыз мәтіндеріне қатысты көзқарастарының жүйелі еместігі әрі діни мәтіндер мен ғылыми болжамдардың аражігінің айқындалмағандығы белгілі болды. Сонымен қатар, әртүрлі ақпараттық электрондық арналар мен порталдардағы адамзаттың болашағына қатысты ресурстар мазмұны әңгіме сюжетімен салыстырмалы аспектіде қарастырылды.

            Әңгіменің мистикалық сипаты кейіпкерлердің адам баласына белгісіз тілде – өздері ғана түсінісе алатын тілде сөйлесуі, белгілі бір мекенінің немесе елінің жоқтығы, оттан қорқуы, періште, жын, пері, әруақ, албасты деп бедерлену әдісі негізінде айқындалды. Ал кейіпкерлердің жұлдыздардан немесе өзге ғаламшардан түсуі және бет-әлпетінің бозғылт немесе аққұба болуы (суреті мақалада берілді) әңгіменің фантастикалық, оның ішінде, фэнтэзи және ғылыми фантастикалық сипатын көрсетеді. Б. Қадырдың «Жасыл шатырлар» әңгімесін мистикалық және ғылыми фантастикалық аспектіде қарастыру барысында автордың оқырманға мәтін астарын өз бетінше интепретациялауға мүмкіндік бермей, толық баяндауы, сөздердің логикалық тұрғыда дұрыс қиыспауы сынды кейбір кемшіліктері анықталды. Алайда зерттеу нәтижесінде бұл әңгіменің қазақ әдебиетінде қоғамдағы адамдардың бір-бірін жатысынып, өзара бөліну, кемсіту әрекетінің көптеген қылмыстарға себеп болатынын мистикалық және фантастикалық қырынан көрсеткен бірегей шығарма екендігі белгілі болды.

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар