ҚАЗІРГІ БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК-АКСИОЛОГИЯЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР (А.Естен шығармашылығы негізінде)

Авторлар

  • Nurbol Khudaibergenov М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

Түйінді сөздер:

қазіргі қазақ әдебиеті, балалар әдебиеті, поэзия, құндылықтар, педагогика

Аннотация

Мақалада қазіргі қазақ балалар әдебиетінің беталысы мен оның өзіндік ерекшеліктері сөз болады. Тәуелсіздік тұсындағы әдебиетке тән үрдістердің бірі –ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға деген ұмтылыстың күшеюі. Әсіресе, ұлттың бірегейлігін танытатын, тарихы мен дәстүрінен сыр шертетін, өзіне тән менталды бітімін бүтіндейтін элементтер соңғы ширек ғасырда тек қазақ әдебиетінде ғана емес, отарлық саясаттың қамытынан босап шыққан постсоветтік елдер әдебиетінің бәрінде дерлік айқын көрініс тапты. Тарих сахнасынан ысырылып, біржола ұмыттыруға күш салынған көрнекті есімдер мен оқиғалар тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда өте қарқынды түрде жаңғырды. Ол процесс әлі де саябырси қойған жоқ.

Мақалада қазіргі қазақ балалар поэзиясының көрнекті өкілі А.Естеннің шығармашылық әлеміне шолу жасалып, тарихи-мәдени құндылықтарды жырлаудағы ақынның таланты мен талғамына баға беріледі. Автор балаларға арналған көркем әдеби туындылардың педагогикалық талаптарға қаншалықты сай келетініне назар аудартады. Сондай-ақ поэзияның аксиологиялық һәм поэтикалық қызметіне тоқталып, оның бала өміріндегі маңызын ашуға тырысады.

Бұл ғылыми мақала ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми жобалар бойынша іргелі және қолданбалы  ғылыми  зерттеулерді  гранттық  қаржыландыру  бойынша АР05131632 «Қазiргi қазақ балалар әдебиетінің даму үрдістері» (1991-2021 жж.) жобасы аясында дайындалды.  

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар