ИАСАУИ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР

Авторлар

  • Төрәлі Қыдыр

Түйінді сөздер:

әдеби жәдігер, Иасауи, хикмет, даналық сөз, мәтін, сопылық, мұра, әдебиеттану, Ислам

Аннотация

Түркі әдебиетінде сопылық әдебиеттің негізін қалаған Иасауи мұрасы бүгінде мамандар тарапынан жан-жақты зерттеліп жатыр. Иасауитану тарихы тереңде жатыр дегенімізбен де, кейбір мәселелер әлі күнге өз шешімін тапқан жоқ. Иасауидің туылған жылы, иасауия тариқатының  кейінгі тағдыры, хикметтердің жалпы көлемі, оның «Диуани хикметтен» басқа қандай еңбектер жазғандығы туралы ғылымда ортақ пікір қалыптасқан жоқ. Иасауиға тиесілі қолжазбаның табылмауы да иасауитануда біраз қиындықтар туғызуда. Ескі қолжазбаларда, сондай-ақ,  ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырда басында жарық көрген литографиялық кітаптарда Иасауимен бірге шәкірттерінің де хикметтерінің жариялануы ғалымдардың түрліше тұжырым жасауына негіз болды. Сондықтан да «Диуани хикметтің» ғылымға белгілі ең сенімді нұсқаларын жинап, канондық мәтінін құрастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Сондай-ақ, «Диуани хикметте» кездесетін кейбір терминдердің түпкі мәнін ашуда өзекті. Себебі хақиқат пен мажаз сырларына көмкерілген сопылық шығармаларды шархсыз оқып түсіну мүмкін емес. Сондай терминдердің бірі – «Дәфтәрус-сәни» сопылық ұғымы дер едік.

Бұл  жұмыс  ҚР  БҒМ  гранттық  қаржыландыруымен  АР08855872  «Орыс шығыстанушы-түркітанушыларының ХХ ғасырға дейінгі жинақтарында қазақ фольклоры мен әдебиетінің орын алуы.  Нарративті дереккөздері» ғылыми жобасы аясында орындалды.

Загрузки

Жарияланған

2021-09-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар