Қазіргі қазақ әңгімесіндегі әдеби интерьердің қызметі

Авторлар

  • Madina Ospanaly Al-Farabi Kazakh National University

Түйінді сөздер:

қазіргі қазақ прозасы, әдеби интерьер, заттық әлем, суреттеу, поэтика, хронотоп, деталь

Аннотация

Мақалада көркем шығарма мәтінінде суреттеудің пейзаж, портрет сынды түрлерімен қатар қолданылатын түрі – әдеби интерьердің көркем шығарма кеңістігін ұйымдастырудағы қызметі қарастырылады. 

Көркем шығармадағы интерьер және заттық әлем мәселелері қарастырылған зерттеу еңбектеріне шолу жасалады. Қазақ әдебиеттану ғылымында аз зерттелген, өзекті тақырып ретінде қазіргі қазақ прозасындағы әдеби интерьердің поэтикасы мен қызметі мәселелері талданады. Әдеби интерьердің көркем мәтін аясындағы қызметтерін талдау арқылы олардың құрылымдық ерекшеліктері анықталады. Интерьердің көркем мәтіннің құрылымдық элементі ретіндегі ғана емес, мағыналық деңгейде де маңызды рөл атқаратыны және көркем шығармалардың поэтикасын жаңа қырынан ашудағы рөлінің жоғары екені зерделенеді.

«Интерьер» ұғымының әдебиеттану ғылымының айналымына енуі мен әдеби интерьердің негізгі қызметтері мәселесі сараланады. Әдеби интерьердің көркемдік қызметінің бастауы антика дәуіріндегі эпидейктикалық жанрмен байланыста қарастырылады.  Интерьердің кейіпкердің ішкі жан әлемін ашудағы, табиғатын, болмыс-бітімін, характерін танудағы қызметі көркем прозадағы психологизм мәселелерімен сабақтастықта талданады. Әдеби интерьердің хронотоптық қызметі арқылы уақыт пен кеңістіктің бірлігі шеңберінде қалыптасып, адамзаттың мәдени таным-түсінігіне орныққан эстетикалық кеңістігіндегі қасиеті мен киесі, символдық мәні бар заттардың көркем шығармада көрініс табу ерекшеліктері зерделенеді.

Қазіргі қазақ авторларының әңгіме жанрының кеңістігін ұйымдастырудағы заттар әлемінің рөлі мен мәні, көркемдік қызметі талданады. Заттар әлемінің көркем туынды кейіпкерлерімен және туындының символдық жүйесімен, композициясымен өзара байланысы қарастыралады. Әдеби интерьердің қызметіне талдау жасау көркем туындыдағы заттар жүйесін теориялық жағынан зерделеуге, қазіргі қазақ әңгімесіндегі заттық детальдардың қолданылу ерекшеліктерін тануға мүмкіндік береді.

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар