Жамбылдың ақындық әлемі

Авторлар

  • Гульназ Даутова КазНУ имени аль-Фараби
  • Қанағат Жалғасбаева

Түйінді сөздер:

фольклор, поэзия, шығармашылық, дәстүр, ақын, айтыс

Аннотация

Ұсынылып отырған мақала қазақ әдебиетінің классигі Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналады. Жыр алыбының шығармалары ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи-мәдени кезеңдерді шынайы суреттейді. Мақалада қазақ халқының бағына айналған жыр алыбы Жамбылдың жалпылама айтыстарымен қатар өлең әлеміне келу жолы баяндалады. Сондай-ақ, Жамбыл Жабаев шығармаларының идеялық-тақырыптық мазмұнының ерекшеліктері анықталып, ақынның дүниетаным ерекшелігі мен шындықты бейнелеуге қатысты көзқарасы айқын көрсетіледі. Өлеңдеріндегі мазмұн мен ақын беретін рух сарапталады. Сонымен қатар бір ғасырға жуық өмір сүрген суреткер ақынның жырларының ерекшелігі талданады. Халықтың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып жатқан ақын өлеңдеріндегі тарихи маңызды кезеңдердің бейнеленуіне баса назар аударылды. Ақын өлеңінде қазақ халқының рухы мен табиғат көркемдігі, тіл шеберлігі ақынның өлеңдерінде ерекше көрініс табады. Жамбыл айтыстарының көркемділігі мен дәстүрлі желі туралы да қарастырылады. Жамбылдың айтыстарындағы негізгі дәстүрлі желі елін қорғаушы батырларының ерлігін суреттеледі. Екі ғасырдың куәгері ретінде Жамбылдың айтыс өнері де таптырмас өте бағалы құндылық ретінде бағаланады. Сүйінбайдың шәкірті және оның шығармашылығын таратушы ретіндегі еңбегі зерделенеді. Жыр дүлдүлінің қазақ поэзиясына қосқан үлесі орасан. Қара сөздің қасиетін сезініп, ұлы сөздің қадірін білген ақын тіл шеберлігі мен суырыпсалмалық таланты арқасында әдебиет әлемінің, оның ішінде ауызша әдебиеттің қорын байытып кетті. Бүгінгі жас өрендердің ұлттық әдебиет пен мәдениет мұрасынан нәр алып, ауызша әдебиеттің қайнар бұлағымен сусындауы күн өткен сайын кең етек алуда. Мақаланың мақсаты Жамбылдың ақындық әлемінің айшықты тұстарын анықтауға әрі оқырманға көрсету үшін бағытталған.

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар