Бақытбек Смағұл шығармаларындағы ауған соғысы шындығының бейнеленуі

Авторлар

  • Қыдыр Уткелбаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
  • Сәмен Құлбарақ М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • Ғабит Тұяқбаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

Түйінді сөздер:

Соғыс психологиясы, деректі проза, әскери әдебиет, әскери проза, көркем әдебиет, жанрлық сипат, публицистикалық стиль

Аннотация

Адамзат тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі Кеңес Одағының тарихындағы - 10 жылға созылған Ауған соғысы (1979-1989). Кеңес Одағы    әскерін Ауғанстан территориясына енгізіп, ұрыс операцияларын жүргізді. Бұл ұрыс операцияларына  Қазақстаннан кеңес әскері қатарына шақырылғандар да қатысты. Сол шайқастарда  ата-баба қанымен келген батырлық дәстүрді жалғастырған  ұлдарымыз, қиындықта жол тауып, талай жауынгерді өлімнен аман алып қалған қайсар командирлеріміз болған екен. Сондай командирлердің бірі «Қара майор» Борис Керімбаев. Ауған соғысының ардагері, белгілі қаламгер Бақытбек Смағұлдың шығармаларынан көрініс тапқан «Паншер патшасы» деректі хикаятында автор Ауған соғысының аты аңызға айналған батыры, «Қара майор» Борис Керімбаевтың ерлік істері мен қиындықта танылған биік адамдық тұлғасы, ұрыс әдістерін шебер меңгерген әскери дарыны туралы сыр шертеді.Автор қарулас жолдасының ерлігін, өмір мен өлім жолындағы күресті, Отан алдындағы антқа адалдығын танытқан  жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін әдеби шығармаға айналдыруы да қазақ табиғатындағы сөз өнеріне деген құштарлықтан болса керек. Осындай шынайы оқиғаға құрылған көркем дүниелер ұлттық әдебиетке жаңа, тың тақырып алып келді. Бұл – әдебиеттегі сабақтастықтың, дәстүр жалғастығының көрінісі. Мыңдаған жылдар бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа жеткен ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, ұлттық сөз өнеріндегі соғыс тақырыбын суреттеген әдебиеттің мақсаты батырлық пен ерлікті дәріптеу. Әдеби жанр суреткер мұратын жүзеге асырудың басты құралы. Өз шығармасын қай жанрда жазу арқылы оқырманға ой салу қажеттігін ең бірінші таңдайтын да автор. Сондықтан жанр шығарманың идеялық шешімін табудағы мақсатты жүзеге асырушы.Қазіргі әскери проза, соның ішінде Ауған соғысы әдебиетінен де сол қоғамның шынайы бет-бейнесі көрініс тапты. Жалпы әскери әдебиеттің ең басты ерекшелігі – оның неғұрлым шындыққа негізделуінде болса, екінші ерекшелік бұл тақырыпқа көбінесе осы соғыста болып, оқ пен оттың ортасынан аман қалған ауған соғысы ардагерлері қалам тартуында. Осы ерекшелік жанр таңдау мәселесінен де көрінеді. Ауған соғысы тақырыбын суреттеген шығармалардың жанрлық ерекшелігіне көз жүгіртсек, деректі повесть, деректі әңгіме, әңгіме-эссе, мемуарлық проза, соның ішінде естелік, күнделік, портреттік очерк, арнау, мадақ өлеңдер мен элегия, эпитафия екендігіне көз жеткіземіз. Мейлі қай жанрда жазылсын әскери әдебиеттің алдына қоятын мақсаты біреу ғана. Ол – жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке, батырлық пен батылдыққа тәрбиелеу.

Биографии авторов

Сәмен Құлбарақ, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

филология ғылымдарының докторы, Филология және журналистика кафедрасының профессоры, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз, Қазақстан.

Ғабит Тұяқбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының доценті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда  университеті, Қызылорда, Қазақстан.

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар