Абай шығармашылығының фольклорлық бастаулары

Авторлар

  • Сейіт Қасқабасов М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

Түйінді сөздер:

Кілт сөздер: аңыз, тәмсіл, шешендік сөз, әфсана, мақал, мәтел, жазба әдебиет, поэма

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада Абайдың дүниеге келген  туып-өскен ортасындағы фольклорлық ахуал ғылыми тұрғыдан қарастырылды. Өйткені ол кез дала фольклорының тұтастығы бұзылмаған, ауызша айтқыштық дәстүр желісі үзілмеген кезең болатын. Сондықтан да зерттеу барысында Абайдың  елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тыңдап өскен  зеректігі мен  ынталылығы оның болашақ шығармашылығына да әсер етті. Абай тұлғасын қалыптастырған алғы шарттардың бастауы ретінде арғы атасы – Ырғызбай, бергісі Өскенбай,  өз әкесі Құнанбай жайындағы және ел аузында күлдіргі әңгімелерімен жұрт жадында сақталған  нағашы жұрты Тонтай  жайындағы аңыз, әңгімелер мен   жаңаша мәліметтер іздестіріліп, сол тұстағы шешендік өнердің, жалпы фольклордың  ел өміріндегі маңызы ашылды. Ел ішінде ауызша таралған фольклорлық әңгімелер мен қатар нақтылы тарихи деректер түгел жиналып, ғылыми тұрғыдан сарапталды. Абайдың  әкесі Құнанбай тұлғасы – өз заманының бетке ұстар биік тұлғасы. Ол ата дәстүрдің нық тірегі болып, оны бергі заманға жеткізсе, Абай оны әрі қарай жаңашылдықпен дамытты. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.

Сондай-ақ,  Абайдың  өскен өңірдегі  шешен, ақын, ертегішілердің  әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығы арқылы алғашқы халықтық білім қорын байытқанына назар аударылды.  Мәселен, ертекші Баймағамбет Мырзаханұлы Абай Шығыс пен Еуропа халықтарының әңгімелерін айтса, ол дереу үйреніп жатқа айтқан. Дами келе  тек қазақтың төл фольклорын ғана емес,  басқа халықтардың фольклорлық мұраларын да оқып білуге жету жолы ғылыми тұрғыдан зерделенді.

Мақалада Абай тәрбиесіндегі әжесі Зере мен анасы Ұлжанның халықтық дәстүрге беріктігі жайында да алғаш  рет ғылыми тұжырымдар жасалды. Сол арқылы қазақтың дәстүрлі отбасылық құндылықтарындағы әулеттік тәрбиенің мән-маңызы ашылып, бала болмысын қалыптастырудағы ата мен  әже орнының маңызы,  ене мен келін арақатынастарының үйлесімділігі, осындай үйлесімді  тәрбиенің Абай секілді данышпандарды қалыптастырудағы мәні  алғаш рет  зерделенді.  Бала жасынан ел аналарына айналған  әжесі мен анасының  бесік жыры, аңыз-әңгімелері мен ертегілердің құндағында өскен     Абайдың  шығармашылығындағы  фольклорлық құндылықтардың әр қырынан танылуының ғылыми негіздері тереңдетілді.

Мақала ҚР БҒМ Ғылым комитетінің АР09563057 «Абай шығармашылығының фольклорлық қайнар көздері» атты   гранттық жобасы аясында дайындалды.

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар