Халық ақыны Ә. Сариевтің айтыстағы өзіндік қыры

Авторлар

  • Алмас Оралбек Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова

Түйінді сөздер:

мұра, жанр, айтыс, ақын, жыршы, дәстүр, қолжазба

Аннотация

Айтыс – сөз барымтасы. Бұның бір жағы – өнер жарысы, екінші жағы, ойын-жиында, айт пен тойда Ұлы мейрам күндеріндей, халықтық мерекеде орындалатын сауық іспетті. Сондай халде өтетін болғандықтан, әрбір айтыстың театрлық, әсіресе, ойын-сауықтық өзгешелігі үнемі қатар ілесіп отырады (Әуезов, 1985: 285).
Қай кезеңде де ақындардың қоғамдағы атқарар қызметінің ерекше болғаны белгілі. Алайда осы ақындарға тән суырып-салмалылық қасиет ортақ болғанымен, ақындық өнер де түрлі мектептерге бөлінеді. Сондай-ақ ақындардың амал-тәсілдері әр түрлі. Осыған орай фольклортанушы С.Қасқабасовтың «Жар – тек типологиялық қана ұғым емес, ол әрі тарихи ұғым» деген пікірін орынды деп санаймыз (Қасқабасов, 1984: 15). Мысалы, Арқа ақындық мектебі, Сыр бойының ақындық мектебі, Батыс ақындық мектебі. Осылардың қатарында ақындық, жыршылық және айтыс өнерінде өзіндік өрнегін қалыптастырған Жетісу ақындық мектебінің де орны ерекше. Жетісу ақындық мектебіні пайда болып, қалыптасуы кезеңдерінде көптеген жауһар жырлы ақындар кезең-кезімен келіп отырған. Осы тұрғыда Қабан жыраудан жалғасып келе жатқан Жетісудың ақындық дәстүрінің кемелдене түсуіне Түбек, Бақтыбай, Сүйінбай, Жамбыл, Құланаян Құлмамбет, Мәулімбай, Кенен, Қалқа, Үмбетәлі, Есдәулет т.б. ақындардың қосқан сүбелі үлестерін айтпасқа болмас. Бұл қатарда осындай текті ортаны көріп, азулы ақындардың асыл сөздерін құлағына құйып өскен ақын Әбдіғали Сариев ата мұра – ақындық дәстүрді жалғастыра келіп, осы Жетісу ақындық мектебінің сабақтастық дәстүрін өз әлінше жалғастырған. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорында және Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында «Әбдіғали мен Кененнің айтысы», «Әбдіғали мен Сәндібала қыздың айтысы», «Әбдіғали мен Қасымханның айтысы» сияқты қолжазба материалдар сақталған. Мақалада Әбдіғалидің Кенен, Сәндібала, Қасымхан қатарлы Жетісудың азулы ақындармен болған айтысында Жетісу жерінде өткен атақты батырлар, билер сөз болады, сонымен бірге халықтың жай-күйі, заман өзгерісі, елдің көркеюі, еңбекші бұқараның адал еңбегінің жемісі жайлы баяндала келіп, Әбдіғали Сариевтің айтыс өнеріндегі өзіндік қыры айтылады.

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар