Қазақ ертегілері мен эпостық жырларындағы уақыт пен кеңістікті тілдік бейнелеудің кейбір ерекшеліктері

Авторлар

  • Жантас Алтайұлы Жақыпов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Лязат Мейрамбекова ЕНУ имени Л.Н. Гумилева
  • Бақтыгүл Айдапкелқызы Әбдіханова Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
  • Сәуле Төлеутайқызы Бейсембаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Түйінді сөздер:

уақыт, кеңістік, тілдік бейнелеу, ертегі, эпос.

Аннотация

Фольлордың тілін зерттеу – актуалды міндет. Өйткені бұл тілдің семантикасын анықтау арқылы ұлттық танымның феномендік сипаттары ашылады. Ал лингвистикалық зерттеуде фольклордың жанрлық ерекшеліктерін есепке алу пәнаралық зерттеулерге тән нәтижелер береді. Фольклор жанрларын әдебиеттанулық-фольклортанулық тұрғыдан зерттеу отандық филологияда да, шетелдік филологияда молынан зерттелген. Бұл мақалада қазақ ертегілері мен эпостық өлеңдеріндегі уақыт пен кеңістіктің тілдік бейнесі қарастырылады. Қазақ ертегілері мен эпостық жырларында уақыт пен кеңістікті тілдік бейнелеудің сипаттамалық ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар, дәлел ретінде тиісті мысалдар келтірілген.Зерттеудің өзектілігі лингвистикалық ғылымның халық мәтіндерінің ұлттық-мәдени ерекшелігі мәселелеріне үлкен қызығушылығымен байланыстырылады, яғни бұл тарихи даму ерекшеліктерінен, сенімдерінен, халқының дәстүрлері мен әдет -ғұрыптарынан туындайды.

 

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар