Шетел қазақтарының ғұрып әндерінің қазіргі қолданыс аясы

Авторлар

  • Бакыт Турмагамбетова Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті

Түйінді сөздер:

шетел қазақтары, сыңсу, жоқтау, дәстүр, ұзату тойы, ғұрып, қыз тақиясы, тұрмыстық ән, бәдік, желгілікті ерекшелік.

Аннотация

Қазақ музыка мәдениетінің бастау алар қайнары оның көне ғұрыптық фольклоры. Ғасырлардан келе жатқан музыка үлгілері (бақсы сарындары, магиялық сарындар, топтық орындалған бәдік, күләпсан және басқалары), одан кейінгі замандағы тұрмыстық жанрдағы халықтық қара өлеңдер мен қарапайым лирикалық әндер қатар, бір-біріне ықпал ете отырып дамыды. Әрине, қара өлең мен классикалық үлгідегі лирикалық әндердің өзара әсерін олардың белгілі бір дәуірде қайсысының басым дамығандығын хронологиялық жағынан аражігін ажыратып алу арнайы қарастырылатын бөлек мәселе. Осы тұрмыстық лирикалық әндердің негізінде ХІХ ғасырда ауызекі орындаушылық өнер, яғни авторлық шығармашылық шырқау шыңына жеткені белгілі. Музыкатану саласында бәрінің қайнары саналатын, көне ғұрыптық үлгілерді зерттеу, оларға жан-жақты үңілу төл руханиятымыздың көне қабаттарында жатқан әуеннің қыр-сырларын түсінуге, олардың бүгінгі трансформациясын түсінуге көмектеседі.

Мақалада музыкалық фольклордың өткені мен қазіргі өмір сүру заңдылықтарын игеру мақсатымен жасалған экспедицияда Орынбор жеріндегі қазақтардың үлкен буынында сақталған бірқатар мәліметтер жиналып ұсынылады. Онымен бірге жер-су аттарының топономиясы туралы тарихи, мәдени маңызы жоғары деректердің бір парасы беріледі.  

Зерттемеде авторлар өңірде 90-шы жылдарға дейін қарапайым халық арасындағы өлең жазу дәстүрі аясында туған – қара өлеңдер, бір-бірімен амандасу, өзін таныстыру, сәлем айту, хат-өлеңдер түрлерінің арасынан сыңсу үлгілеріне тоқталады. Қазақтың көне дәстүрін ұстанған үлкен буын өкілдерімен кездесу барысында жазылған қыз ұзату тойындағы бірқатар салт-дәстүрлер баяндалады. Жиналған үлгілер арасындағы «Ұзатылған қыздың өлеңі», «Көрісу», «Ұзатылар қыздың танысып жүріп айтқаны» және т.б. әндерді талдай келе, шекаралас жатқан батыс аймағының сыңсуларының «жыр» өлшеміндегі музыкалық-поэтикалық формасымен және қыздың ұзату тойына дейінгі танысу әндерінің негізінен 11-буындық «қара өлең» формасымен ұқсастықтар айқындалды. Салыстырмалы түрде талдау барысында еліміздің Орынбормен шекаралас батыс өңірінің сыңсуларында, жалпы ғұрыптық әндерінде (түрлі ладтық құрылымдарда

Загрузки

Жарияланған

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

Мақалалар