БҰЙЫРАМЫН
Директор
М.О.Әуезов атындағы әдебиет
және өне институтының директоры
_____________________
К.С. Матыжанов
20 қыркүйек 2019 ж.


«Керуен» ғылыми журналына өтінім беру тәртібі мен мақаланы безендіруге қойылатын талаптар


Журналда әдебиеттану, фольклортану және өнертану салаларындағы зерттеулердің нәтижелері туралы ғылыми мақалалар жарияланады. Жарияланымға автордың (авторлардың) бұған дейін еш жерде жарияланбаған журнал профиліне сәйкес қазақ, орыс немесе ағылшын тіліндегі материалдар қабылданады. Мақаланы жариялауды журналдың редакциялық алқасы қолжазбаны қарап шыққан соң шешеді. Ережеге сәйкес келмейтін қолжазбалар авторларға қайта түзету үшін қайтарылады. Авторлар ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен маңыздылығына, сонымен қатар жұмыстың ғылыми мазмұнының өзектілігіне жауап береді. Плагиатқа жол берілмейді. Редакциялық алқа түзетулер енгізуге және журналдың деңгейі мен профиліне сәйкес келмейтін мақалаларды жариламауға құқылы. Мақала авторы үшеуден аспауы керек.

Редакцияға электронды пошта (keruenjournal@litart.kz) арқылы келесі материалдарды жіберу керек:

Қолжазбалармен жұмыстың барлық кезеңдерінде және авторлармен байланысу үшін редакторлар мақаланы алған электрондық поштаны пайдаланады. Мақала жазу ережелері 2-қосымшада келтірілген.

Правила оформления статей приведены в приложении 2.

1-қосымша

АВТОРЛЫҚ КУӘЛІК (бірлескен әрбір атворға бөлек толтырылады)

1 Аты-жөні
2 Аты-жөні ағылшын тілінде
3 Мекеме (толық атауы)
4 Мекеменің қысқаша атауы
5 Мемлекет, қала
6 Лауазымы
7 Ғылыми немесе академиялық дәрежесі
8 Ғылыми дәрежесі
9 Қызмет орнының мекенжайы (почта индексімен бірге)
10 Үйінің мекенжайы (почта индексімен бірге)
11 Байланыс телефоны (қалааралық байланыс кодымен)
12 E-mail
13 Мақаланың атауы
14 ХҒТАРИ

2-қосымша

МАҚАЛАНЫҢ РӘСІМДЕЛУ ЕРЕЖЕСІ

Мақаланың көлемі – 2000-5000 сөз, Times New Roman қарпімен, 14 кегльмен, негізгі мәтіннен бұрын аннотациясымен қоса. Жоларалық интервал – бір, жоғарғы және төменгі шеттері – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см. Абзац (азат жол) – 1,25 см. Суреттер саны 5-ден көп болмауы тиіс.

Бірінші беттің сол жақ жоғарғы бұрышында Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат рубрикаторының индексі көрсетіледі (ХҒТАРИ, МРНТИ, IRSTI). ХҒТАРИ индесін мына адрестен таба аласыз: http://grnti.ru.

Одан әрі (бәр интервалдан кейін, мақала тілінде):

Егер авторлар 2-еу немесе одан көп болса, автордың аты-жөні мен олар жайлы мәліметтер нөмірленеді. Екі интервалдан кейін – мақаланың атауы (бас әріппен, қалың қаріппен). Екі интервалдан кейін – аннотация (150-250 сөз). Аңдатпадан екі интервал түсіріп – кілт сөздер (8-10 сөз). Екі интервалдан кейін – мақаланың мәтіні.

Толық ақпаратты пен журнал мұрағатын веб-сайттан көруге болады: www.keruenjournal.kz.